Қазақстан мен Бельгия бірлескен бизнес-форум өткізуге келісті

Қазақстан мен Бельгия бірлескен бизнес-форум өткізуге келісті

Брюссель, 8 сәуір 2024 жылғы – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Бельгияның Сыртқы сауда агенттігінің «Мемлекеттік сапарлар және Бельгияның экономикалық миссиялары» департаментінің директоры және басшысы Роуз Донк ханыммен кездесті.

Тараптар екіжақты тауар айналымының көлемін талқылап, тауар айналымының деңгейі қолда бар әлеуетке сәйкес келмейтінін айтты.

Қайрат Төребаев министрліктің экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі операторы болып тағайындалғанын атап өтті. Озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспорттаушылар құрылған Экспорттық несие агенттігі арқылы экспорттық циклдің барлық кезеңдерінде сақтандыру және қаржылық қолдау шараларының толық кешенін ала алады деді ол.

Роуз Донктың айтуынша Бельгияның Қазақстанға соңғы экономикалық миссиясы 2010 жылы болған. Сонымен бірге, агенттік жақын арада Қазақстанға экономикалық миссия ұйымдастыру мәселесін қарастыруда. Роуз Донк Агенттік 200-ге жуық бельгиялық компания үшін Қазақстанның мүмкіндіктері туралы бизнес-семинар дайындауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Сондай-ақ агенттіктің дүние жүзіндегі қызметі мен функционалдығы туралы айтты.

Қайрат Төребаев Ready4Trade порталының жұмыс істеуі туралы хабарлап, Роуз Донк ханымды 2024 жылғы 13-14 маусымда Астанада өтетін «Астана халықаралық форумына» қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар ағымдағы жылы Бельгияда екі елдің 200 кәсіпорны қатысатын бизнес-форумды бірлесіп ұйымдастыруға келісті.