Бельгиялық «Zingametall» қазақстандық нарықта өз үлесін арттырмақ

Бельгиялық «Zingametall» қазақстандық нарықта өз үлесін арттырмақ

Шығыс Фландрия, Бельгия, 2022 жылғы 11 наурыз – Елші М.Баймұхан бельгиялық «Zingametall» компаниясының коррозияға қарсы «Zinga» атты бірегей жабынды өндіру зауытына барды. «Zinga» өнімдерінің 96%-да мырыш бар, сақтау мерзімі шектеусіз келетін бұл өнім үлдірді мырыштаудың бір компонентті жүйесінен құралған.

Компания Президенті Бруно Савериспен кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланды. Бүгінгі таңда «Zingametall» Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында дистрибьюторларын ашқан, ендігі кезекте Қазақстанның батыс және шығыс өңірлерінде дистрибьюторлық желі құруды жоспарлауда.     

Қазақстандық дипломат компания басшысына елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай мен шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық преференциялар жайлы, сондай-ақ өңірлік нарықтарға шығу перспективалары туралы ақпарат берді.

Ынтымақтастық перспективаларын талқылай отырып, Президент Б.Саверис 2022 жылғы 28-30 қыркүйекте Алматыда өтетін «Мұнай және газ» Қазақстандық халықаралық көрмесі мен конференциясына шақыруды ризашылықпен қабыл алды.

Тараптар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру туралы ақпаратпен алмасып отыру келісілді. Елшілік «Zingametall» үшін әлеуетті серіктестерді іздеуге жәрдемдеспек.

***

Бельгиялық «Zingametall» компаниясы Zinga атты қорғаныс жабынын шығарады және сатады, бұл өнім 1970 жылдары Бельгияның Гент университетінде ойлап шығарылған және содан бері экономиканың әртүрлі салаларында қолданылады.

Zinga өнімдері бояу емес, металл жабыны болып табылады, ол белсенді катодты қорғауды қамтамасыз етеді. Пайдаланылған мырыштың тазалығы өте жоғары, сондықтан құрғақ Zinga жабыны құрамында улы элементтер жоқ. Zinga өнеркәсіпте, көлікте, АЭС және ГЭС-те, жолдар мен көпірлер салуда, мұнай өңдеуде, құрылыста және қалалық инфрақұрылым объектілерінде қолданылады.