Бүгін Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қатынастардың орнағанына 29 жыл толуын атап өтуде. Дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейін Қазақстан 1993 жылы Еуроодақ жанындағы өз өкілдігін ашты, бір жылдан кейін ЕО біздің елде өз өкілдігін ашты.
Еуропалық Одақ Қазақстанның халықаралық аренадағы маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Тараптар арасындағы қатынастар жоғары және ең жоғары деңгейдегі сапарлардың жоғары динамикасымен, белсенді сауда-экономикалық және инвестициялық қызметпен, сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың аса кең күн тәртібімен сипатталады.
Президент Қ.Тоқаев 2021 жылғы қарашада Брюссельге сапары кезінде атап өткендей, соңғы үш онжылдықта Қазақстан мен ЕО сенімге, өзара құрметке және ортақ басымдықтарға негізделген берік қатынастар орнатты.
Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім (2021 жылғы 1 наурызда күшіне енді) Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ол сауда мен инвестициядан бастап ғылым мен туризмге дейінгі ынтымақтастықтың 29 саласын қамтиды. Тараптар КӘЫК-ті толық имплементациялауға үлкен мән береді, атап айтқанда, Жасыл экономикаға көшу, «Еуропалық жасыл мәміле» шеңберінде жасыл технологияларды пайдалану, климатқа және коронавирус пандемиясына қарсы күрес және т. б. салалардағы ынтымақтастық маңызды бағыттар болып табылады.
ЕО Қазақстан экономикасына инвестицияларының жалпы көлемі 160 млрд. АҚШ құрайтын ірі инвестор болып табылады. Өз кезегінде біздің еліміз ЕО-ның аймақтағы жетекші сауда серіктесі болып табылады. Екіжақты сауданың жалпы көлемі 24 млрд.
Одақтың Орталық Азия бойынша стратегиясы шеңберіндегі Қазақстанның ЕО-мен ынтымақтастығы да маңызды болып табылады.
2021 жыл Қазақстан-Еуропа қарым-қатынастары үшін серпінді жыл болды деп айтуға болады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Брюссельге алғашқы ресми сапары өтті, оның барысында ол Еуропалық кеңес пен комиссияның басшылығы Ш. Мишель және У. фон дер Ляйенмен келіссөздер жүргізді. Сапар ынтымақтастыққа қуатты серпін берді, тараптарға барлық өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарды салыстыруға мүмкіндік берді және қатынастардың перспективалық бағыттарын белгіледі.
Сондай-ақ, ҚР Премьер - Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Е.Қазыхан, ҚР Мәжіліс Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Құспан, Әділет министрі М.Бекетаев, Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов және т.б. сапарлар өтті.
2022 жыл да мазмұнды және жемісті болады деп үміттенеміз және достық және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін ЕО басшылығының жауапты сапаларын күтеміз.