2021 жылы 25 тамызда Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына
29 жыл толады.
Осы уақыт ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуда елеулі жол өтті. Саяси тұрғыдан елдер өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне жетті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев Бельгияға 9 рет, ал Бельгиялықтардың Королі Филипп Қазақстанға мирасқор ханзада мәртебесінде 3 рет барды. СІМаралық саяси консультациялар тұрақты түрде өткізілуде. Келесі кездесу 2021 жылы Нұр-Сұлтанда өтеді деп күтілуде.
Бельгиялық ғарышкер Франк де Винне Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан Халықаралық ғарыш станциясы экспедициясының құрамында екі рет болды.
Екі елдің парламенттерінде парламентаралық достық топтары табысты жұмыс істеуде. 2021 жылғы мамырда Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин мен Бельгия Өкілдер палатасының Төрағасы Э.Тилльё арасындағы онлайн келіссөздер маңызды оқиға болды.
Мәдени байланыстар кеңеюде, екі мемлекет арасындағы достық нығаюда. 2021 жылғы маусымда Брюссель музыкалық аспаптар мұражайына домбыра, қобыз және сыбызғы қазақ музыкалық аспаптары сыйға берілді, бұдан былай олар Брюссель мұражайының онлайн каталогы мен «MIMO» халықаралық музыкалық аспаптар базасы арқылы бүкіл әлемде қол жетімді болады.
Алматыдағы Ботаникалық саябақта бельгиялық ертегі кейіпкерлері Смурфиктерге құлпытас орнатылды.
2021 жылы тамызда Абай Құнанбаевтың француз тіліндегі «Қара сөздер» жинақтары Бельгиядағы ең үлкен Корольдік кітапхананың қорына аударылды.
Білім беру саласындағы ынтымақтастық дамып келеді. Бельгиядағы қазақ студенттерінің саны 2017 жылғы 20-ғп днцін жетсе, 2021 жылы 200-ге дейін өсті.
Қазақстанға AWEX және FIT инвестициялық агенттіктері басқаратын Бельгия кәсіпорындарының экономикалық миссиясы тұрақты түрде келеді: келесі миссия осы күзде күтілуде. Қазақстанда Бельгия капиталының қатысуымен 75 кәсіпорын бар. 2005 жылдан бері Бельгияның Қазақстан экономикасына салған инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 9 млрд. долл. құрады.
Осының барлығы Қазақстан-Бельгия қарым-қатынастарының бұдан былай да сенімді диалог пен әріптестік рухында сәтті дамитынына сенімділік береді.