Нұр-Cұлтан мен Брюссель адам құқықтары саласындағы диалогты нығайтуда

Нұр-Cұлтан мен Брюссель адам құқықтары саласындағы диалогты нығайтуда

НҰР-CҰЛТАН, 2021 жылғы 22 шілде – Бүгін Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің бастамасымен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова мен Еуропалық Одақтың Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Имон Гилмормен бейнеконференция форматында келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Комиссия үшін өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелерді талқылады.                    И. Гилморды және оның әріптестерін ҚР-дағы азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Осыған байланысты, «Еуропалық Одақ – Қазақстан» және «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» диалогтық тетіктері шеңберінде ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы мен ЕО-ның Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі арасындағы кооперацияның әртүрлі нысандары адами құқықтық өлшемде қарастырылды.

Сондай-ақ Э. Әзімованың ү.ж. шілдеде Брюссельге жасаған алғашқы жұмыс сапарының қорытындылары, оның ішінде Еуропалық Парламентінің тиісті құрылымдарының басшылығымен және мүшелерімен қол жеткізілген екі жақты уағдаластықтар бойынша пікір алмасылды.