2021 жылдың 12-15 шілде аралығында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова мен "Адам құқықтары үшін Хартия" қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова Люксембург пен Брюссельге төрт күндік сапармен келді.
Люксембургте биылғы жылдың 12 шілдесінде Адам құқықтары жөніндегі консультативтік комиссияның Президенті Гильберт Преномен және тең қарым-қатынас мәселелері жөніндегі орталықтың төрағасы Патрик Хьюрст мырзамен келіссөздер өтті. Консультациялар қорытындысы бойынша балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қамқорлық жасау, экономикалық бостандықтар мен тең мүмкіндіктерді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
13-14 шілде аралығында Брюссельде Еуропалық Парламентте Мария Арена ханым бастаған Адам құқықтары жөніндегі Кіші комитеттің басшылығымен және мүшелерімен, сондай-ақ сыртқы істер комитетінің, Орталық Азия елдерімен байланыс жөніндегі делегацияның және ҚР-ЕО достық тобының өкілдерімен келіссөздер өтті. Кездесу барысында Адам құқықтарын ілгерілету және қорғау мәселелері талқыланды. Қазақстандық делегация Еуропарламент депутаттарын ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастауымен болған негізгі саяси реформалар және ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі туралы хабардар етті.
Э.Әзімова Адам құқықтарын қорғау мәселелерінде азаматтық қоғамның ҚР Үкіметімен және Парламентімен сындарлы диалогының маңыздылығын атап өтті. Біріктіру және пікір білдіру бостандығын сақтау, жеке жағдайларды қоса алғанда, қылмыстық қудалау мен сот талқылауының заңдылығы мен әділдігі, сондай-ақ Адам құқықтары және құқық қорғау органдары мен соттардың қызметі саласындағы заңнама мен практиканы тиімді жетілдіру қажеттігі туралы пікірлер мен ұсынымдар алмасылды.
Осы тұрғыда тараптар ҚР мен ЕО парламенті арасында, оның ішінде "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" парламенттік ынтымақтастық комитеті мен түрлі халықаралық парламентаралық форумдар мен бірлестіктер желісі бойынша сенімді диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша жаңа арнайы өкілімен кездесу барысында Тери Хакала ханым ҚР- дағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен, оның ішінде "Орталық Азия - Еуропалық Одақ" Азаматтық форумы аясындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.
Сот төрелігі, Бостандық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Кіші комитет және "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" Адам құқықтары жөніндегі диалог шеңберінде ЕО-мен өзара іс-қимыл мәселелері Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия, өңірлік ынтымақтастық және ЕҚЫҰ бойынша Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің басқарушы директорының орынбасары Люк Девин мырзамен талқыланды.
Сапардың соңғы күні қазақстандық тарап "EURACTIV" медиа-агенттігінің "Қазақстандағы адам құқықтары: Алға бастар жол" атты дөңгелек үстелі аясында еуропалық жетекші бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің қатысуымен онлайн пікірсайысқа, сондай-ақ Қазақстан, Орталық Азия және Монғолия құқық қорғаушыларының қатысуымен Еуропарламент депутаттарының ұйымдастыруымен онлайн дөңгелек үстелге қатысты.
Дереккөз – ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық