
Алст, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко бельгиялық «Jan De Nul» компаниясы Басқармасының төрағасы Ян Питер Де Нулмен кездесті. Тараптар компанияның Қазақстандағы ағымдағы жобаларын және көлік пен порт инфрақұрылымы, теңіз инжинирингі, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Қазақстанның көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Тараптар Орта дәліздің Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланысын нығайтудағы өсіп келе жатқан рөлін атап өтіп, Каспий инфрақұрылымын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Түбін тереңдету және гидротехникалық жұмыстар, энергетикалық инфрақұрылым және басқа да перспективалы жобалар аясындағы ықтимал ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Jan De Nul арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігін растады.
Анықтама: Jan De Nul – түбін тереңдету жұмыстарына, теңіз және порт инфрақұрылымына, офшорлық энергетика мен кешенді инжинирингке маманданған Бельгияның ең ірі отбасылық инженерлік-құрылыс топтарының бірі. 2025 жылы компанияның айналымы 4,24 млрд еуроны, EBITDA көрсеткіші 812 млн еуроны, таза пайдасы 458 млн еуроны құрады. Компанияда 9 мыңнан астам адам жұмыс істейді; 2025 жылы ол әлемнің 31 елінде 298 жобаны іске асырды, ал инвестиция көлемі 1 млрд еуродан асты.