Қазақстан мен Люксембург саяси диалог пен гуманитарлық байланыстарды нығайтуда

Қазақстан мен Люксембург саяси диалог пен гуманитарлық байланыстарды нығайтуда

Люксембург, 2026 жылғы 12 мамыр – Люксембург Ұлы Герцогтігіне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Бельгия мен Люксембургтегі Елшісі Роман Василенко Люксембургтің мемлекеттік құрылымдары, парламенті, академиялық ортасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулер өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, Еуропалық одақпен өзара іс-қимылды, парламентаралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ білім беру және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Люксембургтің Сыртқы және еуропалық істер министрлігінде Елші Р.Василенко Люксембург СІМ Саяси директорының орынбасары Жиль Бауэрмен кездесті. Келіссөздер барысында саяси диалогты одан әрі дамыту және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы сыртқы істер министрліктері консультацияларын өткізу мәселелері қаралды.

Қазақстан тарапы елде жүзеге асырылып жатқан саяси және конституциялық реформалар, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтары туралы ақпарат берді.

Люксембург Парламентінде Сыртқы және еуропалық істер комитетінің төрағасы Густи Грааспен кездесу өтті. Тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту, оның ішінде сапарлар алмасу және парламенттік достық топтары арасындағы байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.

Люксембург университетінде Елші халықаралық қатынастар жөніндегі проректор профессор Мари-Элен Жобинмен кездесті. Академиялық ынтымақтастықты, бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер мен академиялық ұтқырлықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, Елші Р.Василенко люксембургтік БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізіп, Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар, ЕО-мен ынтымақтастық және елдің сыртқы саяси басымдықтары туралы баяндады.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты, парламентаралық байланыстарды, сондай-ақ білім беру және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.