Бельгияда Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу рәсімі өтті

Бельгияда Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу рәсімі өтті

Брюссель, 2026 жылғы 9 мамыр — Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко және Елшілік қызметкерлері Брюссель астаналық өңіріне қарасты Эвер коммунасындағы қалалық зиратта Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқандар мен нацизмге қарсы бельгиялық Қарсыласу қозғалысына қатысушыларды еске алуға арналған мемориалдарға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Рәсімге қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалдарға гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан Республикасы Екінші дүниежүзілік соғыстың қайғылы оқиғалары туралы тарихи жадыны сақтауды, бейбітшілікті, өзара түсіністік пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды дәйекті түрде қолдайды.

Анықтама үшін: Брюссель астаналық өңірінің құрамына кіретін Эвер (Evere) коммунасындағы қалалық зиратта бұрынғы Кеңес Одағының түрлі республикаларынан шыққан, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Бельгия аумағында қаза тапқан әскери тұтқындар мен Қарсыласу қозғалысына қатысушылар жерленген. Зиратта 1999 жылы Бельгияны азат ету жолында қаза тапқандарға арналған ескерткіш орнатылған.