
Брюссель, 2025 жылғы 4 қараша – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінде Елші Роман Василенконың Бельгия компанияларының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу AWEX және FIT мемлекеттік агенттіктерінің 2025 жылғы 19–21 қарашада Алматы мен Астанада өтетін іскерлік миссиясына дайындық аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға John Cockerill Group, Bimex Solutions, Hydrometal-JGI, IBA Proton Therapy, Libinvest, Belgo Multimodal, UAUcollectiv 4 Architecture, Ugani Prosthetics компанияларының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ AWEX, FIT және Credendo агенттіктерінің өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Елші Василенко Қазақстан мен Бельгия арасындағы 33 жылдық дипломатиялық қатынастар кезеңінде қалыптасқан берік саяси және экономикалық байланыстарды атап өтіп, бүгінде екі елдің өзара іс-қимылы ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейіне көтерілгенін атап өтті.
Ол Қазақстанның тұрақты экономикасы, айқын ережелері бар сенімді серіктес екенін атап өтті: «Біз инвесторлар үшін инновацияға ашық, серпінді және болжамды бизнес-ортаны ұсынамыз, ол өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған», – деді ол.
Елші, сондай-ақ, мемлекет инвестицияларды қорғауға және салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беретінін, сонымен қатар инвесторлардың Үкіметпен тікелей инвестициялық келісімдер жасай алу мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды: көлік және логистика, жаңартылатын энергетика, фармацевтика, металлургия, ақпараттық технологиялар, маңызды минералдарды өңдеу және құрылыс материалдарын өндіру.
Сондай-ақ, қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Middle Corridor) аясында Қазақстанның логистикалық әлеуетін талқылады. Бұл маршрут Еуропаны Орталық Азиямен және Қытаймен тікелей байланыстырады.
Бельгиялық компаниялар Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі экономикалық және логистикалық орталық ретіндегі әлеуетін, сондай-ақ өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастыққа ашықтығын жоғары бағалады.
Кездесудің соңында Елші Василенко бельгиялық компанияларды AWEX және FIT іскерлік миссиясына белсенді қатысуға шақырып, бұл сапардың Қазақстан мен Бельгия арасындағы өнеркәсіптік және инвестициялық серіктестікті одан әрі нығайтудың маңызды қадамы болатынын атап өтті.