Алматы қаласы туристік инновациялар бойынша Global Tourism Forum 2025 марапатына ие болды

Алматы қаласы туристік инновациялар бойынша Global Tourism Forum 2025 марапатына ие болды

Брюссель, 2025 жылғы 20 қазан — Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігі мен Алматы қаласының Туризм бюросы Global Tourism Forum 2025 халықаралық форумына қатысты. Іс-шарада әлемнің 50-ден астам елінен келген туризм саласының жетекші мамандары, халықаралық сарапшылар мен бизнес өкілдері бас қосты.

Форум аясында өткен World Tourism Awards 2025 салтанатты марапаттау рәсімінде Алматы қаласы «Туризмдегі инновациялар мен урбанисталық трансформация» санаты бойынша арнайы сыйлықпен марапатталды.

«Алматы инновациялар, тұрақты даму және ақылды қалалық жоспарлау арқылы қаланы жаһандық туризм аренасына шығара алатынын көрсетіп отыр. Қазақстан жаһандық туризм индустриясында өз орнын нығайтып келеді», — деді Дүниежүзілік туризм форумы институтының президенті Булут Багжы.

Global Tourism Forum — бұл туризм индустриясының көшбасшыларын, үкімет, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктіретін халықаралық диалог алаңы. Форумның мақсаты – тұрақты туризмді дамыту, озық тәжірибелермен алмасу және жаһандық туристік экономиканың өсуіне ықпал ететін инновацияларды ілгерілету.