Брюссель, 2025 жылғы 14 қазан – Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Тұрақты өкілі Роман Василенко Еуропалық парламенттің депутаты, Орталық Азиямен байланыс жөніндегі Делегация мүшесі Ильхан Кючюкпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Әңгіме барысында Еуропарламент депутаттарының Қазақстан, оның сыртқы саясаттағы басымдықтары,
сондай-ақ екіжақты және өңірлік өзара іс-қимыл әлеуеті туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған бірлескен тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында көлік байланысын дамыту мәселесі де қарастырылды. Бұл бағыт Қазақстан мен ЕО арасындағы жан-жақты серіктестікті тереңдетудегі басты басымдықтардың бірі ретінде қарастырылды. Әңгімелесушілер Еуропа мен Орталық Азия арасындағы сауда мен экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін орнықты және қауіпсіз көлік дәліздерін дамыту маңыздылығын атап өтті.
Кездесу парламентаралық деңгейде сындарлы диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға екіжақты қызығушылықтың бар екенін көрсетті.