Қазақстан-еуропалық қатынастар
(анықтама)
1993 жылғы 2 ақпанда – Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993 жылғы желтоқсанда – Брюссель қаласында Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Өкілдігі ашылды.
1994 жылғы қарашада – Алматы қаласында Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі ашылды (2007 жылы Астана қаласына көшірілді).
2025 жылғы 5 шілдеден бастап Роман Василенко Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ және Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы (НАТО) жанындағы Өкілдігінің Басшысы болып табылады.
2024 жылғы қыркүйектен бастап Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігін Словения Республикасының өкілі Алешка Симкич басқарады.
Саяси ынтымақтастық
Еуропалық Одақ – Қазақстанның негізгі саяси және экономикалық әріптестерінің бірі.
Қазақстан–ЕО екіжақты ынтымақтастығының құрылымдары:
Сараптамалық деңгейде 3 қосалқы комитет жұмыс істейді:
Негізгі келісімдер мен шарттар
Қазақстан мен ЕО арасындағы алғашқы құқықтық негіз – 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылған Серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім (СЫК), ол 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енді.
2011–2014 жылдар аралығында Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (КӘЫК) қатысты келіссөздер жүргізілді (29 өзара іс-қимыл саласын қамтиды).
2015 жылғы 21 желтоқсанда КӘЫК-ке қол қойылды, ал 2020 жылғы 1 наурызда толық күшіне енді.
2022 жылғы 7 қарашада – ҚР мен ЕО арасында Тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңартылатын сутегі құндылық тізбегі саласындағы стратегиялық серіктестік туралы өзара түсіністік жөніндегі Меморандумға қол қойылды (COP27, Шарм-эль-Шейх).
2023 жылғы 19 мамырда Алматыда өткен ЕО–Орталық Азия экономикалық форумы аясында «Қазақстан–ЕО ынтымақтастық тетігі» (Cooperation Facility) туралы қаржылық келісімге қол қойылды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Еуропалық Одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. ЕО үлесіне Қазақстанның сыртқы саудасының және тікелей шетелдік инвестицияларының шамамен жартысы тиесілі.
2024 жылы тауар айналымы 48,8 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 16,9% артты. Экспорт – 38,14 млрд АҚШ долл., импорт – 10,69 млрд АҚШ долл.
2025 жылдың қаңтар–шілде айларында тауар айналымы 25,3 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9,3% төмендеді.
2024 жылы ЕО елдерінен тікелей инвестициялар ағымы – 7,9 млрд АҚШ долл.
Анықтама: негізгі экспорт тауарлары: шикі мұнай, мұнай өнімдері, уран, сутегі, инертті газдар, ферроқорытпалар, зығыр дәні, титан және оның бұйымдары, тазаланбаған мақта талшығы, мыс және катодтар, табиғи газ.
Импорт: дәрілік препараттар, құбыр арматурасы, есептеу машиналары, болат құбырлар, тұрмыстық техника, орау-жабу жабдықтары, металл бұйымдары, вакциналар, қан сарысуы және автокөлік кузовтары.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда Премьер-Министр және ЕО елшілері қатысатын «Қазақстан–Еуропалық Одақ» бизнес және экономика мәселелері жөніндегі диалогтық алаңы маңызды рөл атқарады (16 отырыс, соңғысы – 2025 ж. 28 ақпан).
Гуманитарлық және білім беру ынтымақтастығы
Қазақстан Erasmus+ бағдарламасына белсенді қатысады (2021–2027 жж. бюджеті – 28,4 млрд еуро, оның 76 млн еуросы Орталық Азияға бағытталған).
3,3 мыңнан астам қазақстандық студент пен оқытушы Еуропада оқыды, ал 1,5 мыңға жуық еуропалық студент Қазақстанда білім алды.
Сонымен қатар, ЕО ғылыми зерттеу бастамаларын MSCA және ERC бағдарламалары арқылы қолдайды.
Адам құқықтары, адам саудасына қарсы күрес және ұлттық азшылықтарды қорғау саласында да ынтымақтастық дамып келеді (EIDHR бағдарламасы аясында).
Қазақстандық университеттер шетелдік жоғары оқу орындарымен 23 стратегиялық келісім жасасқан, олардың 5-і – Еуропа елдерінде.
Жобалық ынтымақтастық
Еуропалық Одақ Қазақстанда 180 млн еуро көлеміндегі 350-ден астам жобаны қаржыландырған.
2021–2027 жылдарға арналған Cooperation Facility шеңберінде 20 млн еуро бөлінді.
Дайындалу үстіндегі жобалар:
Global Gateway стратегиясы аясындағы өңірлік бастамалар
Қазақстан сондай-ақ BOMCA (шекараларды басқару) және CADAP (есірткіге қарсы күрес) бағдарламаларына қатысады.