Меню
Страницы
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Баспасөз орталығы
Все материалы
Консульские и визовые вопросы (НЕ ТРОГАТЬ, НЕ УДАЛЯТЬ)
Консулдық және визалық мәселелер
09 октября 2025

 

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі консулы:
Уразбаев Арман Бауржанович

 

Байланыс нөмірлері: 

Жұмыс тел.: +32 2 373 38 96, +32 2 373 38 90.

Ұялы тел.: +32 497 03 24 28 (тек төтенше жағдайларда)

 

E-mail: consul.brussels@mfa.kz

 

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.

 

Консулдық бөлімнің жұмыс кестесі
дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

(электрондық пошта арқылы қабылдауға жазылу жүзеге асырылмайды)

 

Қазақстан-Бельгия
05 октября 2025

Қазақстан-Бельгия қарым-қатынастары

(анықтама)

 Дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 25 тамызда орнатылды.
1993 жылы 15 сәуірде Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі ашылды.

2006 жылғы қаңтарда Қазақстанда Бельгия Елшілігі ашылды.

2025 жылғы 5 шілдеде Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі болып Р. Василенко тағайындалды (Корольге сенім грамоталарын тапсыру 2025 жылғы 3 қыркүйекте өтті).

2025 жылғы 28 тамызда Бельгияның Қазақстандағы елшісі Э. де Майер ҚР Президенті Қ. Тоқаевқа сенім грамоталарын табыс етті.

Бельгияда ҚР-ның бір құрметті консулы жұмыс істейді: Валлон Брабантында – Анна Сусарова.

Саяси диалог

ҚР Президенті Н.Назарбаев Бельгияға 9 ресми және жұмыс сапарымен барды (1993, 2000, 2002, 2006, 2010 жылы екі рет, 2014, 2016 және 2018 жылдары). ҚР Президенті Қ. Тоқаев 2021 жылғы 25-26 қарашада Бельгияға бір ресми сапармен барды, бұл мемлекет Басшысының COVID-19 пандемиясынан кейінгі Еуропаға алғашқы сапары, сондай-ақ Бельгияға ҚР Президенті ретіндегі алғашқы сапары болды. Мемлекет басшысы Бельгия Королі Филипппен және Премьер-министр А. де Кроомен келіссөздер жүргізді.

Бельгия королі Филипп Қазақстанға тақ мұрагері мәртебесінде үш рет барды (2002, 2009 және 2010 жж.).

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Э. Азимова 2025 жылғы 7–8 сәуірде Брюссельге алғашқы ресми сапарын жасады. Ол Бельгия Конституциялық Сотының Төрағасы Л. Лаврейсенмен, Бельгия Федералдық Парламенті Өкілдер палатасының Сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Э. Ван Хофпен, сондай-ақ Еуропарламенттің Адам құқықтары жөніндегі кіші комитетінің, Құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің және Орталық Азия елдері мен Моңғолиямен байланыстар жөніндегі делегациясының төрағаларымен кездесті.

 

Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі байланыстар

2006 жылғы 27 наурызда ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы – Бельгияның Сыртқы істер министрі Карел де Гюхт Қазақстанға сапар жасады. Бұл Бельгия сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға алғашқы сапары болды. К. де Гюхт Қазақстан Президенті Н. Назарбаевпен, Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевпен, сондай-ақ Алматы қаласындағы саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

2022 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М. Тілеубердінің Брюссельге жұмыс сапары өтті. Ол Бельгияның Вице-премьер-министрі – Сыртқы істер министрі Софи Вильмеспен, Еуропалық кеңес Президентінің сыртқы саясат жөніндегі бас кеңесшісі С. Мордюмен, ЕО-ның Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі И. Гилмормен, Еуропалық сыртқы әрекет қызметінің Бас хатшысы С. Саниноумен, ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Т. Хакаламен, сондай-ақ KBC Group компаниясының Басқарма төрағасы Йохан Тейсспен келіссөздер жүргізді.

Сыртқы істер министрлікаралық консультациялар - 2022 жылғы 17 қазанда Астанада және 2024 жылғы 18 қазанда Брюссельде өтті (төртінші және бесінші отырыстар). Тараптарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенко мен Бельгия СІМ Бас директоры Дж. Кореман басқарды.

2026 жылғы 11 наурызда Астанада сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялардың алтыншы раунды өтті. Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Исетов, Бельгия тарапынан СІМ Бас директоры Б. Стевенс төрағалық етті.

Парламентаралық ынтымақтастық

2023 жылғы 16–21 мамырда Бельгия Федералдық Парламенті депутаттарының делегациясы Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді. Делегацияны Бельгия Парламентіндегі Орталық Азия елдерімен достық тобының төрағасы, депутат Тим Ванденпут басқарды. Бельгиялық депутаттар Астана, Алматы және Ақтау қалаларында болып, Парламент Сенатының Төрағасы М. Әшімбаевпен, Мәжіліс Төрағасының орынбасары А. Раумен, Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенкомен, ЦДИАӨМ мен АХҚО өкілдерімен, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Е. Досаевпен, Нархоз университетінің және Ақтау портының басшылығымен кездесті.

2023 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің делегациясы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А. Құспанның басшылығымен Брюссельге жұмыс сапарымен барды. Делегация Бельгия Федералдық Парламенті Сенатының Президенті Стефани Д’Озбен және Тим Ванденпут жетекшілік ететін Орталық Азия елдерімен достық тобы мүшелерімен кездесті.

2025 жылғы 2–6 қыркүйекте Бельгия Парламентіндегі Орталық Азия елдерімен достық тобының төрайымы, сенатор Стефани Д’Оз бастаған бельгиялық сенаторлар делегациясының Қазақстанға ресми сапары өтті. Делегация Астана және Алматы қалаларында болып, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары О. Перепечинамен, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А. Құспанмен, Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Исетовпен, М. Нарикбаев және Нархоз университеттерінің басшылығымен кездесті, сондай-ақ АХҚО мен Astana Hub қызметімен және ҚР ЦДИАӨМ жанындағы «Азаматтарға арналған үкіметтің» жұмысымен танысты.

2025 жылғы 18–20 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің делегациясы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А. Құспанның жетекшілігімен Брюссельге жұмыс сапарымен барды. Делегация Бельгия Федералдық Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы П. Де Ровермен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ 2026 жылға арналған іс-шаралар кестесін талқылады. П. Де Роверге Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырудың түпнұсқасы табысталды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2025 жылы Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 582,4 млн АҚШ долларын құрады (+28%), оның ішінде экспорт – 311,5 млн доллар, импорт – 270,9 млн доллар. 2026 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 117,8 млн доллар болды.

2024 жылы тауар айналымы 456 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 210 млн доллар, импорт – 246 млн доллар), бұл 2023 жылмен салыстырғанда (523,5 млн доллар, экспорт – 220,6 млн доллар, импорт – 302,9 млн доллар) 12,89%-ға және 2022 жылмен салыстырғанда (514,9 млн доллар) 11,44%-ға төмен.

Қазақстанның Бельгияға негізгі экспорттық тауарлары: зығыр тұқымы, титан және одан жасалған бұйымдар, хром оксидтері мен гидроксидтері, кендер мен концентраттар, көмір, этил спирті, қара металдардан жасалған өзге бұйымдар, металл конструкциялар, өзге өсімдік майларын өндіру кезінде алынатын қалдықтар.

Қазақстанның Бельгиядан негізгі импорттық тауарлары: бөлшек саудаға арналған дәрілік заттар, мұнай өнімдері, вакциналар, қан сарысулары, қан өнімдері, тракторлар мен ершікті тартқыштар, центрифугалар, сұйықтықтар мен газдарды сүзуге арналған жабдықтар, замазкалар, шпатлевкалар, майлау материалдары, ауа сорғылары, ауыл шаруашылығы машиналары, электр трансформаторлары.

2025 жылы Бельгиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 1,045 млрд АҚШ долларын құрады. 2024 жылы – 1,206 млрд доллар, 2023 жылы – 1,006 млрд доллар. 2005–2025 жылдар аралығында тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі 14,5 млрд доллар болды.

Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 76 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ірілері: «Jan De Nul», «Sarens Group» (инфрақұрылым), «Ahlers» (логистика), «Puratos» (су тазарту).

2023 жылғы 17 мамырда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен «БеНиЛюкс» Сауда палатасы арасында қол қойылған келісім негізінде «Қазақстан–Бельгия» Іскерлік кеңесі құрылды. Кеңестің екінші отырысы 2024 жылғы 29 мамырда Алматыда 30-дан астам қазақстандық және бельгиялық компанияның қатысуымен өтті. Үшінші отырыс 2025 жылғы 4 маусымда Брюссельде өтіп, оған «Astana NAN», «Artex», «Batys Wood Works» және басқа да компанияларды қоса алғанда, 50-ден астам қазақстандық және бельгиялық бизнес өкілдері қатысты.

Ресей Федерациясына қатысты санкциялар салдарынан бельгиялық банктерде бұғатталған қазақстандық активтерді босату мәселесінде Қазақстанның уәкілетті органдарына қолдау көрсету мақсатында Бельгия Қаржы министрлігінің Қазынашылық әкімшілігімен тығыз байланыс орнатылды.

2025 жылы Еуразиялық даму банкінің 733 млн еуро көлеміндегі қаражатының 605,05 млн еуросын босату туралы келісімдерге қол жеткізілді. Оның ішінде: Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін – 1 млн еуро, «Қазақмыс» жобасын іске асыруға – 17,6 млн еуро, «ҚазАвтоЖол» компаниясының жол құрылысына – 100 млн еуро, Қарағанды ЖЭО құрылысына – бірінші транш ретінде 100 млн АҚШ доллары, екінші транш ретінде 97 млн АҚШ доллары және 20,95 млн еуро.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2012 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Өскемен қаласында Семей қаласы әкімдігі мен Бельгия Корольдігінің Ипр қаласы әкімдігі арасында бауырластық қатынастар туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылы Қазақстанның Брюссельдегі Елшілігі бірқатар мәдени іс-шаралар өткізді. Атап айтқанда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қолдауымен Брюссельдің Музыкалық аспаптар музейіне домбыра, қобыз және сыбызғы сыйға тартылды. Сонымен қатар «Тіл-Қазына» қазақ мәдени орталығының бастамасымен Брюссельдің әйгілі символы – «Маннекен Пис» мүсін-фонтаны қазақтың шапаны мен ұлттық бас киімімен киіндірілді.

2021 жылғы 10 тамызда Абай күніне орай Абай Құнанбайұлының француз тіліндегі «Қара сөздер» жинағы Бельгияның ең ірі Корольдік кітапханасының қорына табысталды.

2024 жылғы 13 наурызда Елшіліктің қолдауымен Бельгия мен Люксембургтегі қазақстандық студенттердің «Qazaq Society» бірлестігі құрылды.

2024 жылғы 23 сәуірде «KazAID» халықаралық даму агенттігі мен Бельгияның «Enabel» даму агенттігі арасында бейнеконференция форматында келіссөздер ұйымдастырылды. Тараптар ресми даму көмегі саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кейінірек «KazAID» қазіргі уақытта «Enabel»-мен ынтымақтастыққа мүдделі емес екенін ресми түрде хабарлады.

2024 жылғы 27 мамырда Брюссельде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е. Әбілдің Egmont Корольдік халықаралық қатынастар институтымен, Брюссель дипломатиялық академиясымен (BDA/VUB) және CERIS Брюссель дипломатиялық мектебімен келіссөздері өтті. Тараптар халықаралық қатынастар саласындағы бірлескен бағдарламалар мен зерттеу жобаларын жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.

2025 жылғы 21 қазанда Қазақстан делегациясы Бельгияның Корольдік бейнелеу өнері музейінде өткен «Global Tourism Forum 2025» жаһандық туристік форумына қатысты. Форумға 50 елден мыңнан астам қатысушы жиналды. Қазақстан Елшілігі ұлттық стенд ұсынып, форум қорытындысы бойынша Алматы қаласы туризмдегі инновациялар мен қалалық трансформация үшін арнайы марапатқа ие болды.

2025 жылғы қазанда Брюссельде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған концерттер мен қабылдаулар ұйымдастырылды. «Маннекен Пис» мүсін-фонтаны қазақтың ұлттық шапанымен киіндірілді.

2025 жылғы қарашада Елшілік жанынан қазақ тілін, дәстүрлері мен мәдени бірегейлікті сақтауға бағытталған Қазақ мәдени орталығы ашылды. Орталық тілдік және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, сондай-ақ қазақстандық диаспораны біріктіретін маңызды алаңға айналды.

2026 жылғы сәуірде Гент қаласында Бельгиядағы екінші қазақ мәдени орталығы – «Qazaqroots» ашылды. Оның қызметі қазақстандық диаспораны қолдауға, шетелде асырап алынған қазақстандық текті балалармен жұмыс істеуге және Фландрия тұрғындары арасында қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған.

2025 жылғы желтоқсанда Брюссельде қазақ мәдениетінің апталығы өтті. Бағдарлама аясында Н. Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерттер, «Қазақфильмнің» қолдауымен кино күндері, сараптамалық іс-шаралар және қазақ мәдени мұрасының тұсаукесерлері ұйымдастырылды.

2026 жылғы наурызда Елшілік бастамасымен «Shanyraq Dialogues» сараптамалық пікірталас алаңы іске қосылды. Жоба іс-шаралары қазақ киіз үйінде тақырыптық пікірталастар форматында өткізіліп, оған бельгиялық және еуропалық талдау орталықтарының, ЕО институттарының, академиялық орта мен дипломатиялық корпустың өкілдері қатысады. Бастама Қазақстан, Бельгия және Еуропалық одақ арасындағы өңірлік қауіпсіздік, тұрақты даму, көлік, энергетика және мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша диалогты дамытуға бағытталған.

2026 жылғы сәуірде Елшіліктің бастамасымен Еуропада қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға арналған жыл сайынғы «Shanyraq Fest» мәдени фестивалі өткізілді. Алғашқы фестиваль аясында концерттер, қазақтың сәндік-қолданбалы өнері бойынша шеберлік сабақтары және балалар мен жастарға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Елшілік аумағында қазақ киіз үйі орнатылып, Астана қаласы әкімдігінің жәрдемімен Наурыз мерекесі өткізілді, оған 500-ден астам қонақ қатысты. Сонымен қатар домбыра, жетіген және сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің қорына тапсырылып, музейдің тұрақты экспозициясына енгізілді.

Көпжақты ынтымақтастық

2021 жылы Қазақстан мен Бельгия халықаралық ұйымдардағы кандидатураларын өзара қолдады. Бельгия Қазақстанның 2022–2024 жылдарға арналған БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне сайлануын қолдады. Қазақстан Бельгияның 2022–2023 жылдарға арналған Халықаралық теңіз ұйымы кеңесіне сайлануын қолдады. Өз кезегінде Бельгия Қазақстанның өкілі Р. Нұршабековтың 2023–2026 жылдарға арналған Халықаралық электр байланысы одағы Радиореттеу кеңесіне сайлануын қолдады.

Құқықтық және консулдық мәселелер

2024 жылғы 7 қазанда Брюссельде Қазақстан мен Бенилюкс елдері 2015 жылғы қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойды.

2026 жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдер Қазақстанда және Нидерландта аяқталды. Бельгия мен Люксембургте рәсімдердің аяқталуы жақын уақытта күтілуде.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі
01 апреля 2025

Азаматтығын жоғалтуҚазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың түрі.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері:

  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
  • Егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
  • Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
  • Егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда;
  • Егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;
  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;
  • Адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан жоғалтады.

          Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатты ресімдеген азаматтар үшін:

  • Өтініш (еркін нысанда);
  • ҚР азаматының паспорты. Егер паспорт болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме не аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады;
  • Шетел азаматы паспортының көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат.

Келесі жағдайларда қосымша құжаттар тапсырылады:

Анықтамалық деректер өзгерген жағдайда (А.Ә.Т):

  • Аталған фактіні растайтын құжат;

Кәмелет жасқа толмаған баласы үшін ата-анасы (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған) құжат тапсырған жағдайда:

  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Құжат тапсырған ата-анасының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатты ресімдемеген азаматтар үшін:

  • Хабарлама (қолмен толтыру қажет);
  • Кәмелет жасқа толмаған бала үшін хабарлама (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған ата-анасы қолмен толтырады);
  • ҚР азаматының паспорты;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі;
  • ҚР азаматының паспорты және/немесе жеке куәлігі болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме немесе аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады (16 жасқа толмаған балаларда ҚР азаматының жеке куәлігі болмағаны үшін түсініктеме жазудың қажеті жоқ);
  • Егер ҚР азаматы паспортына және/немесе ҚР азаматы жеке куәлігіне зақым келсе (жыртық, күйген, су тиген және т.б.) еркін нысанда түсініктеме;
  • Шетел азаматы паспортының көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат;

Келесі жағдайларда қосымша құжаттар тапсырылады:

Анықтамалық деректер өзгерген жағдайда (А.Ә.Т):

  • Аталған фактіні растайтын құжат;

Кәмелет жасқа толмаған баласы үшін ата-анасы (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған) құжат тапсырған жағдайда:

  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Құжат тапсырған ата-анасының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

 

ЕСКЕРТПЕ: шет тілде жасалған құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармамен табыстауға міндетті. Шетелдік паспорттың аудармасы қажет емес.

-

  • Қызмет - тегін;
  • Анықтаманы беру – 45 еуро.

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Ван Бевер даңғылы 30, В-1180, Брюссель, Бельгия Корольдігі

Телефон арқылы хабарласыңыз: (+32) 2 373 38 96, (+32) 497 03 24 28 және/немесе электрондық пошта: consul.brussels@mfa.kz

.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
01 апреля 2025

 

  • Сауалнама - өтініш.
  • 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі фотосурет.
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат.
  • Іске қатысты басқа да құжаттар (туу туралы куәлік, еңбек қызметті дәлелдейтін құжат, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, мұрағаттық анықтама - шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініштері).
  • Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасының азаматтығына тиістілігін тексеру нәтижелері бойынша 7 жұмыс күн ішінде ҚР Сыртқы істер министрлігінен хабарлама және ақпарат алған күннен бастап өтініш берушіге тексеру нәтижесі туралы жазбаша түрде хабарлайды.
  • Қызмет - тегін;
  • Анықтама беру – 45 еуро.

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Ван Бевер даңғылы 30, В-1180, Брюссель, Бельгия Корольдігі

Телефон арқылы хабарласыңыз: (+32) 2 373 38 96, (+32) 497 03 24 28 және/немесе электрондық пошта: consul.brussels@mfa.kz

Консулдық қызметтер төлемі
Тарифы и оплата консульского сбора
01 апреля 2025

Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Консулдық қызметтерге ақы төлеу реквизиттер

Ambassade du Kazakhstan

Avenue van Bever 30. 1180 Uccle, Bruxelles

ING Bank

IBAN : BE02 3630 2560 8040

BIC : BBRUBEBB

Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
01 апреля 2025

Бельгия туралы

Ресми атауы:

Бельгия (Бельгия Корольдігі)

Астанасы:

Брюссель

Ресми тілдері:

Нидерланд, Француз, Неміс тілдері

Территориясы:

30.5 мың км2. Шекараның ұзындығы – 1445 км. Солтүстігінде Нидерландымен, Шығысында Германиямен, Батысында және Оңтүстігінде Франциямен, Оңтүстік-шығысында Люксмебургпен шектесіп, Солтүстік-батысында Солтүстік теңізбен шайылады.

Халық:

11 млн. 350 мың адам. 51% - әйелдер, 49% - ерлер. Орташа жас – 40 жас. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы – 78 жыл.

Уақыты:

Уақыт белдеулері UTC+1, летом UTC+2. Уақыт айырмашылығы жазда – 4 сағат, қыста – 5 сағат. Жазғы/қысқы уақытқа ауысу жүзеге асырылады

Мерекелік және демалыс күндері:

1 қаңтар – Жаңа жыл;

1 мамыр – Еңбек күні;

13 мамыр – Ғибадат күні;

24 мамыр – Қасиетті Үштік күні;

11 шілде – Нидерланд мәдени қоғамдастығының мейрамы;

21 шілде – Король Леопольд І конституцияға адалдық антын берген күні;

27 қыркүейк – Француз тілді мәдени қоғамдастығының мейрамы;

1 қараша – Барлық қасиеттілердің күні;

11 қараша – Бітім күні;

15 қараша – Король күні;

25 желтоқсан – Рождество.

Валютасы:

Еуро

Климаты:

Континеталды, ылғалды

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Көліктік байланыс әуе жолы арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанна Бельгияға тікелей рейстер жоқ.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық мәселелер:

Еліміздің Солтүстік өңірлерінің тұрғындарына Іскерлік, туристік және жеке визаларды Австрияның Астанадағы, ал Мажарстанның Алматыдағы Консулдығы береді.

Бельгияның Мәскеудегі (Ресей) Елшілігі дипломаттық, қызметтік, жұмыс және студенттік визаларды береді.

Ықтияр хатты алу. Бельгияға үш айдан артық уақытқа келген шетел азаматы ықтияр хатты елге келгенде тіркелген және тұрып жатқан мекенжай орналасқан коммунадан алуға мүмкіндігі бар.

Ықтияр хаттың мерзімі сапардың нақты мақсатының уақытымен анықталады: оқу, тағылымдама және т.б. Егер оның мерзімі белгіленбесе онда ықтияр хат бір жылға беріледі және оны жыл сайын қалыптасқан тәртіпке сәйкес коммунада ұзарту мүмкіндік бар.

Ықтияр хат Бельгияның шетелдегі Елшілігінен сұралады. Бельгияға келген шетел азаматы алдымен коммунадан тіркелгені туралы куәлік алады. Егер оның арызы оңды қарастырылса ІІМ коммунаға шетелдіктердің регистріне енгізілгені туралы куәлік немесе ықтияр хат беру туралы нұсқау береді. Егер ІІМ жауабы қарсы болса онда тіркелгені туралы куәлік одан алынып, Бельгия аумағынан кетуге нұсқау беріледі. (көбінесе екі аптаның ішінде).

Балармен сапар шегу. Балалармен сапар шеккенде нотариалдық түрде рәсімделген ата-анасының келісімі туралы құжат керек. (қамқоршы, жанашыр). Құжатқа апостиль қойылуы қажет.

Төлқұжаттың жарамдылығы:

Виза алу үшін визаның мерзімі біткеннен кейін паспорттың жарамдылығы 6 ай болу қажет.

Кедендік бақылау:

Бельгия мен Люксембургте Еуропа Одағының бажсыз енгізу тәртібі қолданылады.

Спиртті ішімдіктер мен темекілер:

- 22 % жоғары спирттік ішімдіктер, крепостью 80 % жоғары денатурироваланбаған этил спирті — 1 бөтелке (1 литрге дейін) болмаса спиртті ішімдіктер шараптың негізінде (таффия, саке және сол сияқты 22 % дейін және одан төмен);

- көбікті шарап, күші жоғары шарап — 1 бөтелке (1 литрге дейін);

- көбіксіз шарап — 2 литр;

- темекі өнімдері — 50 сигарет немесе 10 сигар, 50 грамм табак.

Басқалар: Парфюмерия өнімдері: 50 г духи немесе 250 г (8 унций) туалет суы.

Кофе: 500 г кофе немесе 200 г кофе экстракты.
Шай: 100 г шай немесе 40 г шай экстракты.

В Бельгии и Люксембурге действуют общееэсовские правила беспошлинного ввоза.

Әкелуге/әкетуге тыйым салынған заттар:

Қару-жарақ, есірткі, тез бұзылатын тағамдар, жануарлардан дайындалған азық-түліктер

Санитарлық
бақылау:

Барлық уақытта тексермейді

Фитосанитарлық
бақылау:

Барлық уақытта тексермейді

Ветеринарлық
бақылау:

Шекарада тексереді. Қазақстанда арнайы анықтама алу қажет.

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қатер:

2016 жылғы наурызда Брюссельде болған террористік актілерден кейін елде террористік қауіптің үшінші деңгейі орын алуда.

Қылмыскерлік:

Соңғы уақытта қылмыскерліктің деңгейі жоғарылауда. Оның ішінде көшедегі ұрлық пен қарақшылықтың саны көп. Шетелдіктерге біреузі мұсылмандар тұратын аймақтарға және қараңғы көшелерде жүруден аулақ болуы керек.

Елдің әртүрлі аймақтарына бару:

Бельгия мен Люксембурте шетел азаматтары баруға болмайтын аумақтар жоқ.

Құқық қорғау органдары ұстаған жағдайдағы сіздің әрекеттеріңіз:

Егер шетел азаматы елдің заңы мен тәртібін бұзбаса оны құқық қорғау органдары тоқтатпайды. ҚР азаматы құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Елшілікке хабарласа алады.

Жол жүру тәртібі:

Отынның негізгі түрлері:

Бензин және дизель

Көлікті тұрақтату орнының болуы:

Авто тұрақтар ақылы (көп жағдайларда жексембі тегін).

Жол салығын төлеу қажеттілігі:

Бельгия мен Люксембургте ақылы жолдар жоқ.

Міндетті сақтандыру полисін сатып алу тәртібі:

Шетел азаматы виза аларда қамсыздандыру полисін алуы қажет.

Қазақстанның жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Шетел ел аумағында ұзақ уақыт тұратын болса Қазақстанның жүргізуші куәлігін жергілікті куәлікке ауыстыруы қажет.

Автомобильді сақтандыру:

Міндетті түрде

Автокөлік құралдарын жалдау:

Авто көлікті жалға алуға болады

ЖКО жағдайындағы сіздің әрекеттеріңіз:

Егер қаза тапқан және жараланғандар болмаса қамсыздандырушы компанияға хабарласу қажет. Егер жол апаты күрделі ауыр болса онда полиция шақыру қажет.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

Қазақстан азаматтары жағымсыз жағдайларда қалмауы үшін төмендегідей кеңес береміз:

- жергілікті халықтың өмір сүру қалпымен санасып, оларға жылы көңілмен қарау;
- төзімділік таныту, дөрекілік көрсетпеу, дауыс көтермеу, жергілікті халықтың абройын төкпеу;
- жергілікті салт-дәстүрді құрметтеу, жергілікті мәдениетке және де осы елдердің басшыларына тіл тигізіп, балағаттамау;
- Бельгияда 3 мемлекеттік тіл бар екенін ескеру, елдің кейбір аумағында тұрғындары тек сол өңірдің тілінде ғана сөйлейді. Брюссельде негізінен француз тілінде сөйлейді және қалған тілдерде де сөйлейтін тұрғындар көптеп кездеседі. Ағылшын тілінде сөйлейтіндер барлық аумақтарда көп. Валлонияда француз тілінде ал Фландрияда фламанд тілінде сөйлейді.

- Көпшілік орындарында көшеде ішімдік ішіп алып жүрмеу және арнайы белгіленбеген жерлерде спиртті ішімдік ішпеу қажет.

Бельгияның заңына сәйкес кез келген адам полиция тексергенде көрсететін өзінің жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.Турист үшін паспорт жеткілікті.

Қылмыстың алуан түрлері үшін жаза:

1-ші деңгейлі тәртіп бұзушылық: бұрылу шамын, қауіпсіздік белбеуін қолданбау, Автобустар арналған жолдарды жүріп, шұғыл тоқтауға арналған орындарды қолданған, — 50 евро айыппұл.

2-ші деңгейлі тәртіп бұзушылық: бағдаршамның сарысына өту, оң жақтан озу, мүгедектерге арналған орынға машина қою, жол жүріп бара жатып телефонмен сөйлесу, ара қашықтықты сақтамау үшін — 100 евро айыппұл.

3-ші деңгейлі тәртіп бұзушылық:бағдаршамның қызылына өткені, ереженің басымдылығын сақтамаған, тиым салынған жерлерде озған, темір жол өткелінде озған, жаяу жүргінші мен велосипедтегі адамға қауіп төндірген үшін —150 евро.

4-ші деңгейлі тәртіп бұзушылық: Бұрылыс пен дөңге көтерілу кезінде озған, темір жол өткелінде сигналдарға мән бермеген,жылдам трассаларда кері бұрылған үшін сот ісін қарайды.

Елдің отбасылық заңнамасы:

Жанұя қатынастары елдің 1804 жылғы 21 наурыздағы Азаматтық Кодексімен реттеледі (21 mars 1804. - code civil - titre preliminaire et livre i : des personnes (art. 1-515).

Шетелдіктердің ел аумағынан меншік сатып алуы туралы жергілікті заңнама:

Шетел азаматтарының ел аумағындағы жылжымайтын мүлікті сатып алуы да елдің 1804 жылғы 21 наурыздағы Азаматтық Кодексімен реттеледі (21 mars 1804. - code civil - titre preliminaire et livre i : des personnes (art. 1-515). Шетел азаматтары ел аумағынан жылжымайтын мүлікті ел азаматтары сияқты заңға сәйкес сатып ала алады. Бірақ ол оған жергілікті ықтияр хат алуына мүмкіндік бермейді.

Денсаулық сақтау:

Денсаулық үшін қауіптер, сипатты аурулар:

Елге тән аурулар табылмаған.

Медициналық қызмет ету ерекшеліктері:

Бельгияның денсаулық сақтау жүйесінің деңгейі елеулі түрде жоғары. Медициналық қызметтің барлық түрлері жергілікті халыққа да , шетел азаматтарына да ақылы. Қамсыздандыру компаниялары шығындардың басым бөлігін қайтарады.

Бельгияда дәрілердің көбі арнайы дәрігердің рецептімен сатылады. Рецептсіз тек ауруды жеңілдететін және қызуды түсіретін дәрілер және жеке гигиена заттары сатылады.

Екпелер:

Міндетті емес

Медициналық сақтандыру:

Халықаралық медициналық қамсыздандыру полисі қажет.

Жедел медициналық көмек:

Жедел жәрдем бөліміне баруға болады немесе 100 нөміріне телефон шалып жедел жәрдем шақыртуға болады.

Шұғыл ветеринарлық көмек:

0497 40 04 00 телефоны арқылы Ветеринарлық клиникаға хабарласуға болады.

Қосымша мәліметтер:

Пайдалы телефондар:

Өрт сөндіру қызметі — 100.
Полиция — 101.
Жедел жәрдем — 100.

Қала орталығынан теміржол, автобус вокзалдарының және әуежайдың қашықтығы, олармен көлік қатынасы:

Железнодорожные и автобусные вокзалы находятся в черте городов. Международные аэропорты находятся в близи города (Брюссель Национал и Шарелеруа). Транспортное сообщение с ними хорошо налажено.

 

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
31 марта 2025

Азаматтықтан шығу – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату түрі. Шетелде тұрақты тұратын адамның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

  • Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмаған;
  • Егер шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді!
  • Сауалнама өтініш.
  • Өмiрбаян (өз қолымен жазылған).
  • 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі фотосурет.
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат.
  • Соттылығының болуы немесе болмауы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама.
  • Балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің (бар болған жағдайда) көшірмелері.
  • Тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама.
  • Консулдық алымның төленгенi туралы құжат.
  • Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының, ата-анасының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің, азаматты қайтыс болды деп немесе хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің көшірмелері (бар болса).
  • Кәмелетке толмаған адам өтініш берген кезде, оның расталған жазбаша келісімі қажет (14 - 18 жас).
  • Құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап – 6 айға дейін
  • 130 евро

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Ван Бевер даңғылы 30, В-1180, Брюссель, Бельгия Корольдігі

Телефон арқылы хабарласыңыз: (+32) 2 373 38 96, (+32) 497 03 24 28 және / немесе электрондық пошта: consul.brussels@mfa.kz .

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
31 марта 2025

Қиын жағдайлар деп осындай оқиғалар түсініледі:

  • форс-мажорлық ахуалдарға орай пайда болған жағдайлар;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекетке заңсыз әкелу;
  • Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған құқыққа қайшы әрекеттер;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде денсаулығының нашарлауы және күтпеген қазасына әкеліп соғатын оқиғалар.

Қаржылық көмек түрлеріне төмендегідей шығыстар жатады:

  • шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына келу үшін көлік шығыстарын өтеу (экономкласты авиабилет құнынан аспайды);
  • аудармашы көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 15 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);
  • адвокат көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 45 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);
  • бір жолғы материалдық көмек:

тамақтану (бір күнге 80 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

тұру (бір күнге 200 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда, оларды сатып алу       (280 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

  • мүрдені бальзамдауға, мәйітханада сақтауға немесе болу елінде жерлеуге жұмсалатын шығыстарды төлей отырып, жүкті жөнелтуге, "200" жүгін ресімдеуге (Қазақстан Республикасына қайтыс болған азаматтардың табыттарын және күлімен сауыттарын жөнелту) жұмсалатын шығыстар.

Шетелдегі мекеме қаржылай көмек көрсетуден келесі жағдайларда бас тартады:

  • біле тұра жалған айғақтарды хабарлау;
  • қиын жағдайға тап болуына себеп болған Қазақстан Республикасы азаматының болу елінің заңнамасын бұзғанын растайтын құжаттардың болуы;
  • Қазақстан Республикасы азаматының кінәсінен болған оқиғалар (соның ішінде алкогольге немесе есірткіге мас болған жағдайда);
  • Азаматының ықтимал тәуекелдерді сезініп, өз еркімен қалуды растайтын фактілерді анықтағанда.
  • Өтініш (Қазақстан Республикасы азаматтарының, туыстарының немесе өзге де уәкілетті тұлғалардың өтініштері).
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Болу елінің уәкілетті органдары берген және қиын жағдайдың басталуына байланысты қаржылық көмекке жүгіну мән-жайларына қатысы бар құжаттар.
  • Зорлық-зомбылық, денсаулығының нашарлауы не қайтыс болуы фактісі болған жағдайда, болу елінің медициналық не өзге де уәкілетті мекемесі берген құжаттар.
  • Өтініш түскен сәттен бастап 10 жұмыс күніне дейін

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Ван Бевер даңғылы 30, В-1180, Брюссель, Бельгия Корольдігі

Телефон арқылы хабарласыңыз: (+32) 2 373 38 96, (+32) 497 03 24 28 және/немесе электрондық пошта: consul.brussels@mfa.kz.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету
31 марта 2025

Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың тиісті құжаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан алу процесі.

     Талап етуге жатпайды:

  • әскери билеттердің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер);
  • қызметтік куәліктер;
  • егер неке бұзылған болса, неке қию туралы куәлік (тиісті анықтама беріледі);
  • қайтыс болғандардың туу туралы куәліктері.
  • Өтініш.
  • Сауалнаманың 3 данасы (сауалнамадағы сұрақтарға жауаптар толық және нақты, мемлекеттік немесе орыс тілінде болуы тиіс).
  • Өтініш берушінің, заңды өкілдің не сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Өтініш берушінің өзіне қатысты құжаттар талап етілетін тұлғамен туыстық қатынастарың растайтын құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда).
  • Заңды өкілдің не сенім білдірілген адамның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасы (құжаттарды алуға құқығы бар адамның өкілі талап еткен жағдайда).
  • Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін.
  • Талап етілетін құжаттың көшірмесі (бар болса).
  • Консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасын тапсырады.

* Қайтыс болу туралы куәлікті қайтыс болғандардың туыстары немесе заңды тұлғалар ресми мақсатта талап ете алады;

 * Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың талап ету жөніндегі өтініштерін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.

  • 4 айға дейін

Мемлекеттік органдар қосымша тексеру қажет болған жағдайда, мерзім өтініш берушіні хабардар ете отырып, 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады

  • 25 еуро (әрбір құжат үшін)

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Ван Бевер даңғылы 30, В-1180, Брюссель, Бельгия Корольдігі

Телефон арқылы хабарласыңыз: (+32) 2 373 38 96, (+32) 497 03 24 28 және / немесе электрондық пошта: consul.brussels@mfa.kz.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
31 марта 2025
  • Құжаттардағы қолдың түпнұсқалығын куәландыру.
  • Құжаттарды бір тілден екінші тілге аударудың дұрыстығын куәландыру.
  • Құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінді көшірмелердің дұрыстығын куәландыру.
  • Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардан басқа мәмілені (сенімхатты) куәландыру.
  • Өтініш.
  • Құжаттың түпнұсқасы.
  • Төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.

Сенімхатты ресімдеу үшін өтініш беруші:

  • өтініш;
  • өтініш берушінің төлқұжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • 1 жұмыс күні
  • Құжаттардағы қолдың түпнұсқалығын куәландыру (әрбір құжат үшін) - 25 еуро;
  • Құжаттарды бір тілден екінші тілге аударудың дұрыстығын куәландыру - 35 еуро;
  • Құжаттар көшірмесінің және олардың үзінділерінің дұрыстығын куәландыру (әрбір құжат үшін) - 25 еуро;
  • Мәмілені (сенімхатты) куәландыру - 45 еуро.

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Ван Бевер даңғылы 30, В-1180, Брюссель, Бельгия Корольдігі

Телефон арқылы хабарласыңыз:  (+32) 2 373 38 96, (+32) 497 03 24 28 және/немесе электрондық пошта: consul.brussels@mfa.kz

Социальные сети
Instagram
Twitter
Telegram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің сайты