
Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық
Қазақстан мен НАТО 1994 жылы қол қойылған «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы аясында ынтымақтасады.
НАТО-мен ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін БҰҰ бітімгершілік миссияларына жіберу үшін оқыту. Альянспен серіктестікті дамыту Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Серіктестіктің мақсаттары мен міндеттері «Серіктестік дағдыланған жеке бағдарламасын» (ITPP – Individually Tailored Partnership Programme) аясында жүзеге асырылады.