РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2024 жылғы 6 қазанда сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі жанындағы №395 және Брест қаласындағы Бас консулдықтың жанындағы №430 сайлау учаскелерінде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты Республикалық референдум өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Сіздің аты-жөніңіздің Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.
Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің жанындағы №395 учаскесі және Брест қаласындағы Бас консулдықтың жанындағы №430 учаскесі бойынша Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу мақсатында төмендегі сілтеме бойынша нысанды толтырып, референдумға қатысуыңызды растауды сұраймыз:
Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының қолданыстағы паспорты болуы тиіс.
Елшіліктің мекенжайы: 220035, Минск қ., Победителей д-лы, 67.
Бас консулдықтың мекенжайы: 224005, Брест қаласы, Крупская көшесі, 5.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуды сұраймыз:
Минск қ. бойынша + 375 (17) 276 01 08, + 375 (17) 276 01 10;
Брест қ. бойынша + 375 (16) 258 35 00.