
2026 жылдың 25 тамызында ҚР Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр Гродно облысының Волковыск қаласына барып, онда орналасқан «Волковыск ет өңдеу зауыты» ААҚ-мы және «Беллакт» ЖШҚ-да сапармен болды.
Сапар барысында «Волковыск ет өңдеу зауыты» ААҚ Бас директорының орынбасары Александр Романович Геспен кездесу өтті. Ол «Волковыск ет өңдеу зауыты» ААҚ тарихы мен қазіргі уақыттағы қызметі туралы айтып, 1964 жылы құрылған кәсіпорын бүгінгі күні Беларусь Республикасындағы жетекші ет өңдеу зауыттарының бірі болып табылатынын, ет, шұжық, басқа да ет өнімдері, қосалқы өнімдер және жартылай фабрикаттар шығаратынын атап өтті. А.Р.Гесь зауыттың дайын өнімдеріның экологиялық тұрғыдан таза екенін айта отырып, онығ себебі ретінде шұжық өндірісінде жасанды қоспалар қолданылмайтынын атап өтті. Екіжақты ынтымақтастық мәселелері де талқыланды, соның ішінде шұжықтар мен басқа да азық-түлік өнімдерін Қазақстандағы дүкендер желісіне тікелей жеткізу мүмкіндігі талқыланды.
Түстен кейін «Беллакт» ААҚ-ның Бас директорының орынбасары Владимир Иванович Лупишпен кездесу өтті. Ол 1970 жылы құрылған «Беллакт» компаниясы Беларустағы құрғақ балалар тағамын шығаратын жалғыз және ТМД-дағы ең ірі өндірушілердің бірі екенін атап өтті. Компания сонымен қатар жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған сүт өнімдері мен қоректік заттарды шығарады.
Өз кезегінде, М. Мәдімәр беларусь өнімдерінің жоғары сапасын және олардың Қазақстан нарығындағы кең ассортиментін атап өтті, әсіресе «Беллакт» ААҚ қазақстандық балалар тағамы нарығы үшін «Нәресте» брендімен ұсынылатын арнайы қаптама дизайнының әзірлегенін атап өтті.
Кездесулер барысында Бас консул кәсіпорын басшыларын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, осы жылдың 15 наурызында өткен жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумның нәтижелері және осы жылдың 23 тамызында өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайына сайлау туралы егжей-текжейлі хабардар етті.