
2026 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр Беларусь Республикасы Каменский ауданының Высокое қаласында орналасқан «Беловеж ірімшіктері» кәсіпорнына сапармен барды. Кездесуге Высокое қалалық атқару комитетінің төрағасы Дмитрий Зайцев пен кәсіпорынның басшылығы қатысты.
Сапар мемлекеттеріміз арасындағы достық байланыстарды нығайтудың маңызды бөлігіне айнала отырып, таныстыру сипатында өткізілді. Кездесу барысында М.Мәдімәр кәсіпорынның тарихымен және Д.Зайцев атап өткендей, «ұзақ уақыттан бері аймақтың негізгі келбетіне айналған» ірімшік өнімдерін жасау тәсілімен танысты.
Кәсіпорын директорының Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі орынбасары Сергей Дробышевский мұндай кездесулер, ең алдымен, мекеменің ынтымақтастыққа ашықтығын көрсету және халықаралық аренада сенімді серіктес ретінде «Беловеж ірімшіктерінің» мәртебесін растауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан - кәсіпорын өнімдері жеткізілетін негізгі елдердің қатарына кіретінін атап өтіп, кәсіпорын бұл нарықты бағалайтынын атап өтті.
Высокое қалалық атқару комитетінің төрағасы Д.Зайцев Бас консулға беларуссиялық ірімшік жасау дәстүрлеріне қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдіріп, дипломатиялық корпус тарапынан кәсіпорынға назардың аударылуын терең бағалайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ мұндай жеке кездесулер елдеріміз арасындағы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтатыққа негіз болатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде М.Мәдімәр өзін арнайы шақырылып, ірімшік өндірісінің өнімдерімен егжей-тегжейлі таныстырылғаны үшін алғысын білдіріп, Беларусь кәсіпорны өз өнімдерін жоғары стандарттарға сәйкес өндіретініне ерекше назар аударды.