
2026 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр КСРО Батыры, Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың естелігіне орай өткізілетін жеңіл атлетикадан жарыстың ашылу рәсіміне қатысу мақсатында Гродно облысы Волковысск қаласына іссапармен барды.
Сапар барысында аталған ауданның атқару комитетінің төрағасы Дмитрий Захарчукпен кездесу өткізіліп, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Д.Захарчук Волковысск ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы және өңірде өндірілген тауарларды Қазақстанға тасымалдау мүмкіндіктері туралы баяндап берді.
Өз кезегінде, М.Мәдімәр Қазақстанның дамуы мен экономикалық жетістіктері туралы және ағымдағы жылдың 15 наурызына белгіленген жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум жөнінде егжей-тегжейлі хабардар етті.
Волковысск қаласында өткен спорттық ойындардың салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан мен Беларусьтің әнұрандары ойалып, Волковысск ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары Александр Соловей, Волковысск қалалық №1 жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры Елена Плавская және Бас консул М.Мәдімәр сөз сөйледі.
А.Соловей жауынгер Қ.Нұржановтың Волковысск қаласын неміс басқыншыларынан азат етуге қосқан үлесін ерекша атап өтті. Қ.Нұржановтың ерлігіне беларусь халқы тарапынан ризашылық ретінде қазіргі уақытта Волковысск қаласында Қ.Нұржановтың атында көшенің аталғанын, қаладағы №1 жасөспірімдерге арналған спорт мектебңіне оның есімі берілгенін, орталық алаңда батырдың үлкен портреті орнатылған және 1978 жылдан бері оның естелігіне орай жыл сайын жеңіл атлетикадан жарыстың өтетінін атап өтті.
Е.Плавская Қазақстандағы спорттық мектептермен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, өзаралық негізде спорттық жарыстарға қатысуға және екі елдің спорт мектептері арасында арнайы келісімге қол қоюға ықпал етуді өтінді.
Өз кезегінде, М.Мәдімәр қазіргі таңда Қазақстан аймақтары мен Гродно облысы арасындағы ынтымақтастық тұрақты түрде дамып отырғанын, оның көрсеткіші ретінде 2026 жылдың 4 наурызында Гродно облыстық атқару комитетінің төрағасы Ю.Караев бастаған делегацияның Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарын атап өтті. Аталған сапар барысында екі елдің аймақтары арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 2026-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылғаны айтылды. Сонымен бірге, Бас консул қазақстандық Қ.Нұржановтың даңқын артыруға бағытталған бүгінгі спорттық іс-шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді және жарысқа қатысып отырған спортшыларға сәттілік пен табыстар тіледі.
2028 жылы Волковыск қаласында Қ.Нұржановтың құрметіне жеңіл атлетикадан алғашқы жарыс ұйымдастырылғанына 50 жыл толатынын назарға ала отырып, тараптар 2028 жылы мерейтойлық спорттық іс-шараларды бірлесіп және екі елдің спортшылары мен жұртшылығын тарту арқылы ұйымдастыруға келісті.