Гродно облысының кеденінің басшысымен кездесу туралы

Гродно облысының кеденінің басшысымен кездесу туралы

2026 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр Гродно облысы кеденінің басшысы Александр Пихунмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының кеден қызметі мен Гродно облысы кеденімен ынтымақтастығын, беларус-поляк және беларус-литва шекарараларындағы жағдайды, сондай-ақ аталған шекара бекеттері арқылы Еуропалық Одақ елдеріне тасымалданатын қазақстандық жүктердің кедендік бекеттерден өту мәселелерін талқылады.

А.Пихун 2025 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы беларус-поляк және беларус-литва шекараларындағы жағдайдың тұрақталғанын және қосымша өткізу бекеттерінің ашылып жатқанын хабарлады. Сонымен бірге, шекарадағы жағдайдың оңтайлануын оң үрдіс ретінде айта отырып, бұл Еуропалық Одаққа бағытталатын халықаралық жүк тасымалдар ағынын, оның ішінде қазақстандық жүктер тасымалыгың артуына оң әсер ететіні атап өтті.

Өз кезегінде М.Мәдімәр екі ел арасындағы ынтымақтастық жылдан жылға өзара тиімді негізде дамып келе жатқанын және қазіргі уақытта қазақстандық халықаралық тасымалдаушылары тарапынан беларус кедендік қызметіне қатысты ешқандай уәждің жоқтығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар болашақта қазақстандық халықаралық тасымалдаушыларда туындауы мүмкін мәселелер бойынша өзара әрекеттестікті жалғастыруға келісті.