Гродно облысы ІІБ басшысымен кездесу туралы

Гродно облысы ІІБ басшысымен кездесу туралы

2026 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр Беларусь Республикасы Гродно облысының Ішкі істер басқармасының бастығы, милиция генерал-майоры Дмитрий Резенковпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында М.Мәдімәр екі ел азаматтарының заңды мүдделерін қорғау үшін консулдық қызметтер мен ішкі істер органдарының өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтарының облыстағы түрлі мәселелері бойынша Бас консулдықтың сауалдарына уақтылы қарастырылатыны үшін өңірдің ішкі істер органдарының басшысына алғысын білдірді.

Өз кезегінде, Д.Резенков Гродно өңірі дәстүрлі түрде сындарлы ынтымақтастыққа ашық екенін және Брест қаласындағы Қазақстан Республикасының консулдық мекемесімен әрекеттестікті жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Кездесу өзара түсіністік жағдайында өтті, тараптардың қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайындығын растады.