
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2026 жылғы 15 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулдықтың жанындағы № 462 және Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 427 сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Бұл құқықты іске асырудың кепілі – Сіздердің деректеріңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізімінде болуы.
Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулдықтың жанындағы № 462 учаскесі және Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 427 учаскелері бойынша республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу мақсатында төмендегі сілтеме бойынша нысанды толтырып, референдумға қатысуыңызды растауды сұраймыз:
https://forms.gle/TCyH8JenCbsGpM8k9
Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының қолданыстағы паспорты болуы тиіс.
Елшіліктің мекенжайы: 220035, Минск қ., Победителей д-лы, 67.
Брест қаласындағы Бас консулдықтың мекенжайы: 224005, Брест қаласы, Крупская көшесі, 5.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз:
Брест қ. бойынша + 375 (16) 258 35 00;
Минск қ. бойынша + 375 (17) 276 01 08, + 375 (17) 276 01 10.