2025 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы М.Мәдімәр Беларусь Республикасының көрнекті және тарихи тұрғыдан да маңызы зор «Беловежская пуща» ұлттық табиғи паркінің жетекшісі Ян Венсковичпен кездесу өткізді.
Я.Венсковичтің айтуынша, бұл табығи парк бүгінгі күнге дейін бұзылмаған күйде сақталған Еуропадағы ең үлкен орманды алқаптардың бірі болып табылады. Жануарлар мен табиғат бұл орманды алқапта 300 жылдан бері қорғалатыны және өзіндік ғылыми тәжірибесі жинақталған ірі ұйымға айналғаны айтылды. Осыған орай, Қазақстанда орналасқан табиғи парктермен өзара тиімділік негізінде ынтымақтастық орнатып, жауарлар әлемі мен табиғаатты қорғау мәселелеріне қатысты жинақталған бай тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендерін жеткізді.
Өз кезегінде, Бас консул, беларусь тарапынан екі ел арасындағы табиғатты қорғау мәселелеріне қатысты ұсыныстар келіп түскен жағдайда, ол жөнінде қазақстандық тиісті мекемелердің хабарландырылатыны туралы айтты.