
2025 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр «Брест бекінісі» Мемориалдық кешенінің Директоры Александр Коркотадземен кездесті.
Кездесу барысында А.Контрикадзе Брест бекінісін қорғауға қатыстқан қазақстандық жауынгерлерідің батырлығын ерекше атап өтті. Сонымен бірге, 2026 жылы Брест бекінісін қорғаудың 85 жылдығының атап өтілетіні хабарлай отырып, осы мерейтой шеңберінде өтетін іс-шараларға Бас консулдықты белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, М.Мәдімәр аталған мерейтойлық іс-шараларға қазақстандық тараптың қатысатынын жеткізе отырып, осы қалаға келетін Қазақстан азаматтары Брест бекінісін қорғаушыларының рухына тағзым ету үшін осы мемориалдық кешенге дәстүрлі түрде келетінін атап өтті.
Өткен кездесу шеңберінде Мемориалдық кешеннің кітапханасына Брест бекінісін қорғауға қатысқан қазақстандықтар туралы арнайы шығарылған кітаптар табыс етілді.