Брест облыстық Атқару комитетінің төрағасы Петр Пархомчикпен кездесу туралы

Брест облыстық Атқару комитетінің төрағасы Петр Пархомчикпен кездесу туралы

2025 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр Брест облыстық атқару комитетінің төрағасы Петр Пархомчикпен кездесті. Сонымен қатар, кездесуге оның орынбасарлары Михаил Баценко мен Виктор Рафалович, сондай-ақ Брест қаласының мэрі Сергей Лободинский қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Брест облысы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ оны кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, решион басшысы Брест облысының халық шаруашылығының жетекші салаларындағы жетістіктері туралы айтып, Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты жандандыру тұрғысынан перспективалы болуы мүмкін тақырыптарға баса назар аударды. Өңір басшысы Қазақстан Республикасы мен Брест облысының ынтымақтастығы белсенді дамып келе жатқанын және соңғы жылдары сенімді өсуді көрсетіп отырғанын атап өтті.

Мәселен, 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте тауар айналымы 148 млн долларды құрап, өткен жылғы деңгейге қарағанда 4,5% - ға өсті. Брест облысы Қазақстанға сүт, ет және балық өнімдерін, шоколад, ағаш, жиһаз және аккумуляторларды экспорттайды. Беларуське Қазақстаннан негізінен көкөністер мен жемістер, нан-тоқаш өнімдері, маталар, металдар және олардан жасалған бұйымдар жеткізіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан Республикасымен және Брест облысымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті. Сонымен қатар, өңір басшысы Брест қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдық мекемесі қызметінің барлық аспектілері бойынша Бас консулдыққа жәрдемдесуге дайын екендігін атап өтті.