2025 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы (Беларусь Республикасы) Бас консулы М.Мәдімәр Брест кеденінің басшысы С.Н.Якутамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының кеден қызметі мен Брест кеденімен ынтымақтастығын, беларусь-поляк шекарасындағы жағдайды, сондай-ақ аталған шекара арқылы Еуропалық Одақ елдеріне тасымалданатын қазақстандық жүктердің кеденнен өту мәселелерін талқылады. С. Н. Якута соңғы уақытта беларусь-поляк шекарасында қосымша өткізу бекеттерінің ашылуына орай қалыптасқан оң үрдістерді атап өтті және бұл жағыдай халықаралық жүк тасымалдар ағынын, оның ішінде қазақстандық жүктердің, ұлғаюына оң әсер ететіні атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар болашақта қазақстандық халықаралық тасымалдаушыларда туындауы мүмкін мәселелер бойынша өзара әрекеттестікті жалғастыруға келісті.