Ресейдің Бресттегі Бас консулымен кездесу туралы

Ресейдің Бресттегі Бас консулымен кездесу туралы

2025 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы (Беларусь Республикасы) Бас консулы М.Мәдімәр Ресей Федерациясының Брест қаласындағы Бас консулы О.Ю.Мурашевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың экономикалық-әлеуметтік саладағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау және өзара құқықтық көмек көрсету бағытындағы мәселелерді талқылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта екі ел азаматтарына қатысты Беларусь Республикасы аумағында пайда болуы мүмкін консулды-құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты. Сонымен қатар, ортақ тарихи мұраның мол екенін ескере отырып, болашақта өткізілетін мәдени-гуманитарлық салалардағы іс-шаралардың өтуіне қолдау көрсетуге келісті.