Польшаның Бресттегі Бас консулымен кездесу туралы

Польшаның Бресттегі Бас консулымен кездесу туралы

2025 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы (Беларусь Республикасы) Бас консулы М.Мәдімәр Польша Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы В.Сульгостовскимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, оның ішінде польша-беларусь шекарасындағы жағдайды және ол арқылы Еуропалық Одақ елдеріне жөнелтілетін қазақстандық жүктердің өту мәселелері талқылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісіп, шекара аумағында қазақстандық тасымалдаушыларда пайда болуы мүмкін мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған шараларды қабылдауға уағдаласты.