Қазақстандық оқушылар Бразилиядағы химия бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысуда

Қазақстандық оқушылар Бразилиядағы химия бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысуда

Белу-Оризонти, 2025 жылғы 6 мамыр - Бразилияның Минас-Жерайс штатының астанасында замана ғылым мен бразилиялық дәстүрлерді ұштастырған интерактивті форматта 59-шы Халықаралық Менделеев химия олимпиадасының ашылу салтанаты өтті.

Олимпиадаға Қазақстан командасы еліміздің әр өңірінен келген дарынды оқушылармен ұсынылып, 40 елден келген қатысушылар арасындағы ең көп оқушысы бар командалардың бірі атанды (11 мектеп оқушысы).

2025 жылғы 6–12 мамыр аралығында Бразилияның БРИКС-ке төрағалығы аясында өтіп жатқан Олимпиада, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің химия факультеті мен Мельниченко қоры Минас-Жерайс Федералды университетімен бірлесе ұйымдастырды.

Іс-шараның ашылу салтанатына Бразилиядағы Қазақстан Елшілігінің өкілдері қатысып және қазақстандық команданы шын жүректен қошеметтеп, алдағы зияткерлік сайыста сәттілік пен жеңіс тіледі.

Анықтамалық: Халықаралық Менделеев химия олимпиадасы (International Mendeleev Chemistry Olympiad – IMChO) — мектеп оқушылары мен студенттерге арналған ірі халықаралық химия сайысы болып табылады. Бұл – ең көне байқаулардың бірі және 1967 жылы тағайындалған. Олимпиада, әдетте, сәуір айының соңында немесе мамырдың басында өтеді. Биылғы олимпиада Бразилияның БРИКС-ке төрағалық етуіне орай орайластырылды. Менделеев олимпиадасы — химия саласындағы ең күрделі жарыс болып саналады және оны Периодтық заңды ашқан ұлы химик Дмитрий Менделеевтің құрметіне атаған.