Бразилияның журналистер ассоцияциясы қайырымдылық жұмыстарының маңыздылығын атап өтті

Бразилияның журналистер ассоцияциясы қайырымдылық жұмыстарының маңыздылығын атап өтті

Бразилиа, 2025 жылғы 14 сәуір - Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Бразилияда аккредиттелген дипломатиялық миссиялар басшыларының жұбайы (GCCM) қауымдастығының президенті, Қазақстанның Бразилиядағы Eлшісінің жұбайы Нүсіпова Гүлнәзия ханымға Бразилияның журналистер ассоциясы «Жыл Елшісінің жұбайы» санатындағы құрмет грамотасын тапсыру рәсімін өткізді.

«ABRAJINTER» журналистер ассоциациясы аталған атақты, Елшілердің жұбайлары тобының қызметін, олардың дипломатиялық қоғамдастықты шоғырландыруға қосқан үлесін, мәдени байланыстарды нығайтуды, қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысуды, соның ішінде Бразилиядағы дипломатиялық корпустың қатысуымен жыл сайынғы GCCM қайырымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастыруды қоғамдық мойындау ретінде атаған.

Осы тұрғыда бразилиялық ассоциация Қазақстан Елшісі жұбайының (GCCM) Бразилияда аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшыларының жұбайы қоғамдастығының басшысы ретіндегі белсенді жұмысын атап өтті. Бұл дипломатиялық клубтың құрамына шетелдік елшіліктер мен ұйымдардың 72 өкілі кіреді.

Анықтамалық: «ABRAJINTER» - Бразилияның халықаралық және дипломатиялық салалардағы журналистер мен коммуникаторлардың ассоциациясы, тәуелсіз ұйым болып табылады. Ассоциаяция, жыл сайын Бразилияда шетелдік елшілерді, журналистерді, саяси және экономикалық топтардың өкілдерін және өз саласында ерекшеленетін және Бразилия құндылықтарын, мәдениетін және халықаралық дамуды ілгерілетуге үлес қосқан ел қайраткерлерін марапаттайды.