
Бразилиa, 2025 жылғы 20 наурыз -Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігі дипломатиялық миссиялармен халықаралық ұйымдар басшыларының жұбайлары клубымен (GCCM) бірлесе көктемгі Наурыз-2025 мерекесін мерекелеуге арналған ортақ іс-шара өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Наурыз мерекесіне жаңа мағына мен рух беруге бағытталған түрлі мәдени және дәстүрлі іс-шараларды біріктіретін «Наурызнама» жаңа бағдарламасы таныстырылды. Таныстырылым барысында «Наурызнаманың» қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық дәстүрлер мен экологиялық науқандарға дейінгі қоғам өмірінің барлық салаларын қамтуға бағытталғаны атап өтілді.
Мереке, Қазақстанның мәдени алуандылығы мен Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығын нығайтуға орайластырылған «Қазақстан балалардың көзімен» тақырыбындағы бразилиялық балалармен жас өспірімдердің көркем көрмесімен сүйемелденді. Оның ерекшелігі болып, бразилиялық балалармен жас өспірімдердің көркем суреттерінде Қазақстанды өз түсініктеріндегідей бейнелеу табылды. Өнер мектебінің директоры Жозе Роберто Сантос Виейра, бразилиялық балалар өз жұмыстарында қазақ өзіндік мәдениетінің, ұлттық тағамдарының, киімдерімен табиғатының бірегейлігін көрсетуге тырысып, сол арқылы заман рухын, көшпелі қазақ халқының тарихымен мәдениетін жеткізуге тырысқанын өз сөзінде атап өтті.
Мереке аясында қонақтарға тәттілерді қазақ ою-өрнегімен безендіру бойынша шеберлік сабағы, сондай-ақ өз дизайнында жергілікті метал мен Бразилияның асыл тастарын пайдалана отырып, қазақ ұлттық болмысын бейнелейтін Бразилиядағы алғашқы «Umaiya» зергерлік брендінің тұсаукесері ұйымдастырылды.
Қонақ жайлылықтың дәстүрі бойынша мереке қонақтарына қазақ ұлттық ас мәзірінің тағамдары ұсынылды. Елшіліктің қызметкерлерімен балалар, қазақтың ұлттық киімін киіп келді.
Қазақстанда 14 наурыздан бастап Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі басталды. «Наурызнама» аясындағы әр күн, терең мағынаға ие және қазақстандық мәдениеттің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін іс-шараларға толы болды.