Өткен жылы елшілік тіркелген және курация ететін елдерімен тығыз жұмыс істеді. Жыл ҚР елшісі мен Оңтүстік Американың тоғыз елшісінің қазақ Елшілігіндегі дәстүрлі кездесуінен басталып, Қазақстанның осы аймақтағы құрметті консулдарының онлайн-конференциясымен аяқталды. Сәуір айында Бразилиядағы Парагвай елшілігінде өткен кездесуде тараптар Қазақстан-Парагвай дипломатиялық қатынастарының орнағанына 20 жыл толуына орай құттықтауларымен алмасты.
Жылдың басты оқиғасы Сыртқы істердің Бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың осы жылдың мамыр айында Монтевидео қаласына сапары аясында Уругваймен алғашқы саяси консультациялар өткізу болды. Қазақстан-Уругвай қатынастары тарихында тұңғыш рет ел Парламентінде ресми кездесу және Қазақстанның Уругвайдағы алғашқы Құрметті консулдығының тұсаукесері өтті.
Осы жылдың тамыз айында Аргентина Парламентінің Ұлттық конгресінде «Аргентина-Қазақстан» достық тобын құру және Қазақстан Парламенті Мәжілісінде және Аргентина Ұлттық конгресінде онлайн-форматта достық топтары бойынша бірінші отырысты өткізу Қазақстан мен Аргентина арасындағы саяси диалогты нығайту ісіндегі маңызды оқиға болды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, аталған маңызды кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстанның Буэнос-Айрестегі Құрметті консулы Сантьяго Делукаға алғысымызды білдіреміз.
Аргентина мен Чилимен ынтымақтастық екіжақты оқиғаларға қарқынды болды. 2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан басшылығының тапсырмасы бойынша Елші Болат Нүсіпов Аргентинаның жаңадан сайланған Президенті Хавьер Милейдің ресми ұлықтау рәсіміне қатысты, осы жылдың маусым және шілде айларында Буэнос-Айрес және Сантьяго қалаларына сыртқы саяси ведомстволардың жаңа басшылығымен және осы елдердің іскер топтарымен кездесулер өткізу үшін жұмыс сапарлармен барып қайты. Қазіргі уақытта белсенді кезеңде осы елдермен іскерлік кеңестер құру туралы келіссөздер жүргізілуде.
Қазақстанның Оңтүстік Америка елдерімен тауар айналымы өсу үрдісіне ие. Мәселен, 2024 жылғы қаңтар-қазан айларында Уругваймен өзара сауда көлемі 1000% өсіп, 103 млн. долл. (2023 жылдың ұқсас кезеңінде 2,3 млн. долл.), Чилимен 35% өсіп 37,1 млн. долл. (2023 жылы 24,6 млн. долл.), Эквадормен 20% өсіп, 93,7 млн. долл. (2023 жылы 74 млн. долл.), Колумбиямен 41% өсіп 8,1 млн. долл. (2023 жылы 4,7 млн. долл.) құрады.
Мәдениет саласындағы Оңтүстік Америка елдерімен ынтымақтастықты нығайту шеңберінде мыналарды атап өту қажет. Елші Сантьягода болған кезінде Димаш Құдайберген талантты бағалаушылардың Чили фэн-клубының қатысуымен «Қазақстан-Чили» Достық қоғамының үшінші отырысы және «Қазақстанның табиғи інжу-маржандары» фотокөрмес өтті. Сондай-ақ, Росариодағы (Аргентина) қазақ мәдени орталығының директоры Ирина Вагнерге және Қазақстанның Росариодағы құрметті консулы Густаво Гутиереске Қазақстанның ұлттық сәні мен өнерін таныстырғаны үшін, сондай-ақ олардың Тәуелсіздік күніне орай Росариодағы Қазақстан Республикасының туын көтеру рәсіміне жыл сайын қатысқаны үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.
Биыл қазақстандық делегациялар СОР16 Биоалуантүрлілік жөніндегі Конвенция Тараптарының 16-шы Конференциясына (Кали қ., Колумбия) және ЮНЕСКО жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 19-шы сессиясына (Асунсьон қ., Парагвай) қатысты. Осыған байланысты Колумбиядағы Құрметті Консулдарымыз Омар Вальдес пен Парагвайдағы Билал Омейриге отандастарымыздың өз елдеріне қатысуы мен болуына жәрдемдескені үшін алғысымызды білдіреміз. Қазіргі уақытта Перу және Уругваймен визасыз режим туралы келісім жасасу мәселесі бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл мәселе келесі жылы мемлекеттеріміздің игілігі үшін оң шешіледі деп үміттенеміз.
Биыл біздің елдің Оңтүстік Америкадағы өкілдігінің географиясы кеңейді. Біздің командаға Уругвайдағы (Монтевидео қ.) Қазақстанның тағы екі Құрметті консулы Мартин Сока және Эквадордағы (Кито қ.) Леопольдо Окампо қосылды. Жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз және біздің өкілдерімізге жұмыста табыс тілейміз.
Оңтүстік Америка елдері осы жылдың қыркүйек айында Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында сапалы және сандық түрде өкілдік етті. Бразилиямен қатар ойындарға Аргентина, Перу, Колумбия, Эквадор және Чили спортшылары қатысты.
Осы және басқа да іс-шаралардың барлығы Оңтүстік Америкадағы достарымыздың тығыз ынтымақтастығы мен қолдауының арқасында мүмкін болды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз достарымызға алғысымызды білдіреміз және келесі жылы ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деп үміттенеміз.