Қазақстан мен Уругвай арасында саяси сұхбат орнатылды

Қазақстан мен Уругвай арасында саяси сұхбат орнатылды

Монтевидео, 2024 жылғы 6 мамыр-Уругвай астанасында Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Қайрат Омаров Уругвай Парламенті Конгресінің спикері Анна Мария Оливейрамен кездесу өткізіп, оның барысында Конгрес жетекшісі Уругвай Парламентінде сенатор Маркос Метол Састре бастаған «Уругвай-Қазақстан» парламенттік достық тобының құрылуына қолдау білдірді. Әңгіме барысында тараптар, парламентаралық диалогты түзу мен екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Сенаторлар мен Парламент депутаттарының бастамашыл тобымен кездесуде Қайрат Омаров Уругвай парламентшілерін Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен таныстырып, мемлекеттік институттарды нығайтуға бағытталған конституциялық реформаның мәнін түсіндірді. Қазақстандық дипломат өз сөзінде жаһандық күн тәртіп пен халықаралық алаңдардағы ықпалдастық контекстінде еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтарымен де таныстырды. Ол Уругвай Парламентінде жан-жақты саяси диалогты нығайту және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін достық тобын құрудың уақтылылығына назар аударды.

Өз кезегінде, Уругвай парламентшілері Қазақстанның ағымдағы дамуына жоғары баға беріп, ел басшылығына реформалар мен қойылған мақсаттарды іске асыруда табыс тіледі.