Балалар қазақ халық ертегілерін бірге оқыды

Балалар қазақ халық ертегілерін бірге оқыды

Бразилиа, 2024 жылғы 26 сәуір – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі жанындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті достарының клубы» кезекті танымдық іс-шара ұйымдастырды.

Бұл жолы дипломаттардың ең кішентай балалары үшін қазақ тілінде ашық сабақ өткізілді. Онда қазақ ертегілері оқылып, талқылау жүргізілді. Қазақ халық ертегілерін оқу барысында балалар жаңа қазақ сөздерімен, сөз тіркестерімен және фразеологиялық бірліктермен ойын түрінде таныса алды. Сабақтың жалғасында балаларға отбасылық құндылықтар, ұлттық дәстүрлер мен жақындарыңа қамқорлық туралы «Сиқырлы тас» мультфильмі көрсетілді. Оның қорытындысы бойынша «мультфильм қандай жақсылыққа үйретті» тақырыбына қызықты танымдық викторина ұйымдастырылды. Сұрақ-жауап кезінде ең белсенді әрі ақылды қатысушыларға сыйлықтар таратылды.

«Қазақ тілі мен әдебиеті достарының клубы» ағымдағы жылдың наурызында Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің жанында жасөспірімдерге қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын, қазақ халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу үшін ашылды. Келесі айдан бастап Клубтың күшімен мемлекеттік тілдің бастапқы онлайн-курсын бастау және жыл соңына дейін бірқатар танымдық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.