«Copacol» бразилиялық компаниясымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

«Copacol» бразилиялық компаниясымен ынтымақтастық  мәселелері талқыланды

Бразилиа, 2024 жылғы 23 сәуір – ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов тауық етін сату және өңдеу бойынша жетекші бразилиялық  «Copacol» компаниясының халықаралық жобалар жөніндегі Бас директоры Тиаго Андерлемен онлайн кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында Болат Нүсіпов сұхбаттасушыларды Қазақстандағы қазіргі инвестициялық ахуалмен және шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды. Бразилия өнімдерінің ЕАЭО, Орталық Азия елдері мен Қытай нарығына шығуы үшін ҚР-дың экономикалық және логистикалық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Бразилиялық тарап Қазақстан нарығының экспорттық әлеуетіне қызығушылық танытып, ҚР-да тауық етін өңдейтін фабрика салу жоспарлары туралы хабарлады. Бұл жобаны толығырақ талқылау үшін компания басшылығы ү.ж. маусым айында Қазақстанға сапармен баруға ниет білдірді.

Кездесу соңында компания өкілдері ү.ж. мамыр айында Порту Алегри қласында өтетін «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесінің үшінші отырысының жұмысына қатысатындарын растады.