Қазақстанда «Қазақ мәдениеті» бірегей жобасы таныстырылды

Қазақстанда «Қазақ мәдениеті»  бірегей жобасы таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми өкілі Эльвира Жүргенбаева мен «Қазақстан мәдениеті» сайтының веб-әзірлеушісі Мерей Зейнеш «Қазақ мәдениеті» бірегей жобасын таныстырды.

Спикерлер ақпараттық-танымдық платформаны еліміздің мәдени мұрасын танымал ету, ұлттық брендті ілгерілету мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі жасағанын және ол Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы білімнің негізгі көзіне айналатынын атап өтті.

Веб-сайтты құру – Қазақстанның мәдени мұрасы мен алуан түрлілігіне әлемдік қауымдастықтың назарын аударудағы маңызды қадам. Қазақстанда, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде мәдени құндылықтарды ілгерілету Мемлекет басшысының ведомство алдына қойған басым бағыттарының бірі болып қала береді. Еліміздің мәдени мұрасының алуан түрлілігін көрсететін ауқымды жоба БҰҰ-ның алты ресми тілін, сондай-ақ қазақ және түрік тілдерін қамтиды. Ақпараттық порталда Қазақстанның бірегей мұрағат қорының басылымдары ерекше орын алады. Қазақстанның бай тарихи құжаттары мен мұрағат материалдарына қол жетімділік зерттеушілер, тарихшылар және өткенге қызығушылық танытатын кез келген адам үшін баға жетпес дереккөз болып табылады. Сайттың негізгі бөлігі елдегі және әлемдегі барлық мәдени жаңалықтарды қамтитын жаңалықтар блогы болмақ. Жобаға белсенді фестивальдер, жәрмеңкелер, байқаулар, сонымен қатар театрландырылған қойылымдардың, отандық фильмдердің премьералары, танымал және жаңа буын жазушылардың кітаптарының тұсаукесерлері, өнер көрмелері, мерейтойлық мерекелер мен түрлі ауқымдағы аймақтық жобалар кіреді.

Сондай-ақ платформада еліміздің өнер және мәдениет саласындағы оқиғалар мен жаңалықтар туралы тақырыптары бар қазақстандық мобильді қосымшалардың ақпараттық белгілері орналастырылады. «Қазақстанның мәдениеті жасанды интеллект призмасында» бөлімі келушілерге виртуалды шынайылық арқылы барлық аймақтарды және олардың көрікті жерлерін зерттеуге бірегей мүмкіндік береді. Порталда ақпараттық технологияларға ерекше көңіл бөлінеді. «Қазақстан мәдениеті» көрермендерге виртуалды 3D турлары арқылы Қазақстанның әртүрлі аймақтарымен және олардың көрікті жерлерімен танысуға бірегей мүмкіндік береді. Ал жасанды интеллект көмегімен сайтқа кірген әрбір адам өзінің суретін өзгертіп, өзін Ұлы даланың батыры немесе жауынгері ретінде көре алады. Сайтты әзірлеу кезінде шет елдердің озық тәжірибелері пайдаланылды. Атап айтқанда, бірыңғай онлайн-билетке қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған, оның көмегімен туристер белгілі бір қаладағы немесе жалпы елдің кез келген жеріндегі мұражайларды аралай алады (Түркия тәжірибесі).

Сайттың басты ерекшелігі қымбат делдалдардың қатысуынсыз және «Astana Hub» IT акселераторының Стартапы қолдауымен барлық мәдени нысандарға Бірыңғай билет жүйесі болады. Портал келушілерге ыңғайлы болу үшін мәдени іс-шараға билет сатып алушыларға белсенді сілтеме болады. «Қазақстан мәдениеті» – Қазақстанның мәдениеті мен тарихына қызығушылық танытатын әрбір адам үшін әмбебап құрал болып табылады www.qazaqculture.com.