Қазақстан-Парагвай ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

Қазақстан-Парагвай ынтымақтастығы мәселелері талқыланды

Бразилиa, 2024 жылғы 10 сәуір - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Парагвай Республикасының Бразилиядағы Елшісі Хуан Анхель Делгадильомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар тұрақты саяси диалог пен Қазақстан-Парагвай сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуда оң перспективалардың бар екенін атап өтті. Бұған екі елдің көпжақты форматтағы табысты өзара ықпалдастығы дәлел болып отыр.

Келіссөздердің күн тәртібінде Қазақстанның Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың Оңтүстік Америка өңіріне сапары шеңберінде Асунсьон қаласында екінші СІМ-аралық консультацияларды ұйымдастыру мәселесі де болды. Тараптар тұрақты жұмыс байланысында болуға.

Ағымдағы жылы Қазақстан мен Парагвай арасындағы дипломатиялық қатынастарының орнатылғанына 20 жыл толады. 2021 жылдан бастап Парагвай астанасында Қазақстанның Құрметті Консулдығы жұмыс істейді.