Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы Бразилияда атап өтілді

Қаныш  Сәтбаевтың  125 жылдығы  Бразилияда атап өтілді

Бразилиа, 2024 жылғы 10 сәуір, Қазақтың ұлы ғалымы, геолог әрі академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, ҚР-дың Бразилиядағы Елшілігінде гибридті форматта Қ.Сәтбаевтың өмірі мен Қазақстанның ғылымы әрі геологиясының заманауи дамуына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс - шара ү.ж. сәуірде Қазақстанда атап өтілетін кәсіби - мерекелерге Геологтар күні мен Ғылым күніне орайластырылды. Кездесуге екі елдің экономика, геология және өндіруші салаларындағы танымал қызметкерлері мен сарапшылары қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов пен «Бразилия-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Кассиано Перейра Виано құттықтау сөздерін айтып, Бразилиялық минералды зерттеулер қорының Президенті Жозе Лензи, сондай-ақ Қазақстанның геология және тау-кен өндіру саласының белгілі мамандары Әнуар Боранбаев пен Қанат Құдайберген баяндамалар жасады.

ҚР Елшісі Б.Нүсіпов өз сөзінде Қазақстан ғылымының заманауи дамуы жөнінде баяндап, академик Қаныш Сәтбаевтың отандық геологияның қалыптасуы мен халықаралық танылуындағы тарихи рөлін атап өтті. Осы тұрғыда Елші қонақтардың назарын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы Қазақстанның геология саласының ардагерлерімен кездесуінде жасаған негізгі жолдауларына аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының пікірінше, геология, әсіресе жер қойнауын барлау және кешенді зерттеу саласына жаңа серпін қажет.

Спикерлердің пікірінше, Қаныш Сәтбаев отандық геологияның ғылым ретінде дамуына баға жетпес үлес қосқан әлемдік атқа ие ғалым. Сондай-ақ, еліміздің экономикалық жағдайы мен дамуына әлі күге дейін әсер етіп келе жатқан Қазақстанда жүзеге асырылған орасан зор жобаларды әзірлеуге және іске асыруға Академик Сәтбаевтың қатысқаны атап өтілді. Жалпы, кездесуге қатысушылар Қазақстандағы ғылыми даму саласына ерекше назар аударып, елдегі қарқынды ғылыми-техникалық прогресті атап өтті.

Бұл барлық ғылыми бағыттарда мықты ғалымдардың санын көбейту міндетін қоятын бірқатар ұлттық жобалардың іске асырылуымен расталады. Іс-шараның қонақтары мен сарапшылары пікір алмасып, ел басшылығының ерекше рөлін оң бағалады. Реформалар мен ауқымды жобаларды іске асыру жолында Қазақстан халқына табыс пен өркендеу тіледі.