
Бразилиа, 19 наурыз 2024 ж. - Қазақстан Республикасының Елшілігіне сыпайылық сәлемдесумен Гүржістанның Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зураб Мхедлишвили келіп, оның барысында ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповпен кездесу өткізді.
Қазақстандық дипломат өзінің гүржілік әріптесін жақында тағайындалуымен құттықтап, жауапты жұмысына табыс тіледі.
Кездесу барысында дипломаттар дипкорпус арасындағы ықпалдастық мәселелерін талқылап, Бразилиямен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, тараптар болу еліндегі қызметтік тәжірибемен алмасып, елшіліктер деңгейінде достық қарым-қатынастарда болуға әзірліптерін жеткізді.