Бразилия, 2024 жылғы 12 ақпан – Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Америка елдеріндегі Құрметті консулдарымен дәстүрлі онлайн-кездесу өткізіп, оның барысында елшіліктің ағымдағы жылы аккредиттеу және жауапкершіліктегі елдермен жұмыс жоспарларымен бөлісті және өңір елдерінің астаналарында бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру бойынша пікір алмасты.
Атап айтқанда, өңір елдерінің Парламенттерінде достық топтарын, іскерлік кеңестерді, сондай-ақ азаматтық және қоғамдық ұйымдар деңгейінде достық қоғамдарын құру жөніндегі жұмысты белсендіру ұсынылды. Бұл ретте негізгі назар биылғы жылы бірқатар мемлекеттермен өткізілуі жоспарланған СІМ-аралық консультацияларға аударылып, олардың шеңберінде бірлескен экономикалық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылды.
Сондай-ақ, Елші Оңтүстік Америка елдерінің ресми және іскер топтарының өкілдерін шақыра отырып, Құрметті консулдарды кезекті Астана халықаралық форумының (АМФ) тақырыптық бағыттарымен таныстырды. Кездесу барысында Елші кездесуге қатысушыларды Қазақстанның жаңа Үкіметінің қалыптасуы және оған ел Президентінің экономика және инвестициялар саласындағы кеңейтілген отырыста қойған міндеттер жайында хабардар етті. Осы тұрғыда ол Құрметті консулдарды қолда бар басымдықтарды ескере отырып, Қазақстанның өз елдеріндегі сауда-экономикалық және инвестициялық мүдделерін барынша белсенді ілгерілетуге, сондай-ақ сауда және инвестициялар саласындағы жаңа бірлескен жобалар бойынша бастамашылық жасауға шақырды.
ҚР Құрметті консулдары өз сөздерінде конференцияға қатысушыларды өз елдерінде Қазақстанның имиджін ілгерілету, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етіп, осы жылға бірлескен жұмыс бойынша идеялар және ұсыныстармен бөлісті.
Өңірдің көптеген елдерінде Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің болмауына байланысты, тараптар Құрметті консулдардың қызметі, қолдаудың негізгі арнасы мен Оңтүстік Американың барлық мемлекеттерімен табысты екіжақты ынтымақтастықты іске асырудың маңызды факторы болып табылатындығы жөнінде ортақ пікірге келді.