2023 жыл Қазақстанның Оңтүстік Америка елдерімен екіжақты ынтымақтастығының оқиғаларына толы болды

2023 жыл Қазақстанның Оңтүстік Америка елдерімен екіжақты ынтымақтастығының оқиғаларына толы болды

24 мамырда Қазақстан, Аргентина, Чили және Уругвай арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 30 жылдығын мерекелеу аясында Бразилия астанасының мәжілісінде "Қазақстан Оңтүстік Америкада: достық пен өзара түсіністіктің 30 жылы" тақырыбындағы фотокөрмесі өтті.

Жыл, ҚР мен Оңтүстік Американың тоғыз елі елшілерінің қазақ Елшілігіндегі дәстүрлі кездесуі және осы өңірдегі Қазақстанның Құрметті консулдарының онлайн-конференциясымен басталды.

23 маусымда Аргентина Елшілігінде және 27 шілдеде Уругвай Елшілігінде Аргентина және Уругваймен дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ноталармен алмасудың ресми рәсімдері өтті. Әуелі, жылдың басты оқиғасы болып, сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары К.Омаровтың Буэнос-Айрес пен Сантьяго қалаларына сапарларының шеңберінде Аргентина және Чилимен кезекті саяси консультациялардың өткізілуі табылды.

Қазақстан-Аргентина қатынастары тарихында алғаш рет Буэнос-Айрес қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды. ҚР-дың Аргентинамен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығы аясындағы маңызды жетістігі ретінде 25-30 қазанда Буэнос-Айрес қаласында өткен Сот әкімшілігі халықаралық қауымдастығының (IACA) халықаралық конференциясына қатысу үшін Жоғарғы сот Төрағасы А.Мерғалиевтің сапары болып, оның барысында ҚР Сот әкімшілігінің басшысы Н.Ахметзакиров IACA вице-президенті болып сайланды.

Чилимен инвестициялық ынтымақтастық саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі болып, чилилік "МЕ Elecmetal" компаниясы концернінің басқарма төрағасы Е. Артеаганың 8 маусымда Астанада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Айдаровпен кездесуі және ҚР СІМ мен "ME Elecmetal" компаниясы арасында ұсақ денелерді өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісімге қол қоюы табылды.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 28 қарашада екі елдің дипломаттары мен сарапшыларының қатысуымен "Чилидің қазіргі қазақ поэзиясына көзқарасы" тақырыбындағы Чилимен достық қоғамының екінші отырысы өткізілді.

Перумен ынтымақтастық та қарқынды және табысты дамып, нәтижесінде қараша айында "Inkas Berries" және "Resemin" тәрізді Перу компаниялары қазақстандық нарыққа тәжірибе жүзінде шығуға мүдделілік танытты. Қазіргі уақытта Перу және Уругваймен визасыз режим туралы келісім жасасу мәселесі бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Жыл ішінде Буэнос-Айрес пен Боготада Қазақстан, Аргентина және Колумбия арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлестері үшін Құрметті консулдар г.Гутиерес (Росарио қ., Аргентина) және О.Вальдес (Богота қ., Колумбия) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.

10 желтоқсанда Аргентина тарапының шақыруымен Қазақстан Елшісі жаңадан сайланған Аргентина Президенті Х. Милейдің ресми ұлықтау рәсіміне қатысты.

Осы және өзге де іс-шаралардың барлығы Оңтүстік Америкадағы достарымыздың тығыз ынтымақтастығы мен қолдауының арқасында мүмкін болды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз достарымызға алғысымызды білдіріп, ықпалдастығымыз келесі жылы да жалғасын табатынына үміт артамыз.