Қазақстан мен Бразилияның дипломатиялық қатынастарына 30 жыл

Қазақстан мен Бразилияның дипломатиялық қатынастарына 30 жыл

Бразилия, 2023 жылғы 18 қыркүйек – Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қазақстан Елшілігінде екі елдің Мемлекет басшылары мен сыртқы істер министрлерінің құттықтау Жолдаулары көшірмелерінің алмасуы өтті.

Бразилия Сыртқы істер министрінің орынбасары Эдуардо Паес Сабойа және Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың қол жеткізілген деңгейін жоғары бағалап, өзара іс-қимылды нығайтуға және кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.

22 қыркүйекте Қазақстан мен Бразилия арасындағы екіжақты қатынастарға 30 жыл толады.