Бразилиа, 2023 жылғы 18 қаңтар – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің бастамасымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаевтың, «União Planetária» Бразилия планетарлық одағының және «Қазақстан – Бразилия» Достық форумының құрметті президенті, Ұлттық конгрестің экс-Сенаторы Улиссис Ридельдің және Қазақстанның Бразилияда Елшісі Болат Нүсіповтың қатысуымен бейнеконференция өтті.
Кездесу барысында тараптар бір-бірін өз ұйымдары қызметінің негізгі бағыттарымен және екі елдің толерантты қоғам мен конфессияаралық диалог құру жөніндегі тәжірибесімен таныстырды. Қазақстанның бастамасына-Бразилия үш рет қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне ерекше назар аударылды. Осы орайда, Болат Сәрсенбаев Бразилия планетарлық одағының қазіргі президенті Исис Мария Боргес де Ресендеге өткен жылдың қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысқаны үшін алғыс айтты.
Өз кезегінде, Бразилияның Планетарлық одағының негізін қалаушы, экс-Сенатор Улиссес Ридель Қазақстанмен ынтымақтастықтың көп жылдық тәжірибесі бар және осы елді «өз бетінше» біле отырып, ол екіжақты ынтымақтастықтың барлық аспектілері бойынша достықты, өзара түсіністік пен әріптестікті одан әрі нығайтуға бар күшін салатынын атап өтті.
Екі Институттың мақсаттары мен міндеттерінің ұқсастығын ескере отырып, тараптар биыл Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу аясында ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қою мүмкіндігін қарастырды.
Анықтама: Бразилияның Планетарлық одағы (União Planetaria) - бұл әлеуметтік, білім беру, экологиялық салалардағы жобаларды әзірлеумен айналысатын, сондай-ақ қоғамдық мүдделерді білдіретін үкіметтік емес, коммерциялық емес азаматтық қоғам ұйымы. 1997 жылы Улиссес Ридель және жоғары деңгейлі саясаткерлер тобы құрған одақ «TV SUPREN» (көптеген марапаттарға ие болған білім беру телеарнасы, соның ішінде «Gandhi Communication Award») арқылы оң мысалдар мен табысты бастамаларды тарату арқылы бүкіл ел бойынша әлеуметтік, рухани және жаһандық сипаттағы жобаларды жүзеге асырады.