Қазақстан мен Парагвай сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі

Қазақстан мен Парагвай сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі

Нью-Йорк, 2022 жылғы 22 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы алаңында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Парагвайдың Сыртқы істер министрі Хулио Сесар Арреоламен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық аспектілерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды.