Қазақстан мен Боливия сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі

Қазақстан мен Боливия сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі

Нью-Йорк, 2022 жылғы 21 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы алаңында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Боливияның сыртқы істер министрі Рохелио Майтамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.