Бразилиямен академиялық ынтымақтастық кеңеюде

Бразилиямен академиялық ынтымақтастық кеңеюде

Бразилиа, 2022 жылғы 21 қыркүйек – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилиа қаласының Федералдық университетінің Ректоры Марсия Абрахау Моурамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Бразилия қарым-қатынастарын нығайтудағы ғылым және білім беру саласының маңыздылығы туралы пікір алмасты, сондай-ақ елорданың бас университеті мен Қазақстанның жетекші университеттері арасында академиялық және ғылыми алмасуды орнату перспективаларын талқылады.

Қазақстандық дипломат сұбаттасушыны а.ж. қыркүйекінде Рио-де-Жанейродағы Флюминенсе Федералды университеті жанында қазақ тілін оқыту және елтану курстарының басталғаны туралы, сондай-ақ Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясының португал тіліндегі бірінші томының таныстырылымы болатыны туралы хабардар етті. Бұл іс-шара 2022 жылғы 23 қарашада "Бразилиядағы Қазақ кітапханасы" жобасының іске қосылуы шеңберінде өтетін болады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар академиялық алмасу, лингвистика, сондай-ақ инженерлік-техникалық пәндер саласындағы бірлескен жобаны әзірлеуге және келісуге келісті.