Буэнос-Айрес, 2022 жылғы 29 тамыз – Аргентинаға жұмыс сапары барысында ел Президентіне сенім грамоталарын тапсыру үшін Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Нүсіпов Сыртқы істер министрлігінде жетекшілік ететін департаменттің директоры Клаудио Джакоминомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең күн тәртібін талқылады. Негізгі назар өзара сапарларды ұйымдастыру, кезекті саяси консультациялар өткізу, сондай-ақ парламентаралық байланыстар мен сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мәселелеріне аударылды.