Бразилиялық авиатасымалдаушымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бразилиялық авиатасымалдаушымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Сан-Паулу, 2022 жылғы 17 тамыз – Сан-Паулу қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилиялық «Embraer» әуе өндірушісінің зауытына барып, оның басшылығымен кездесу өткізді.

Қазақстандық дипломат бразилиялық тарапты Қазақстанның негізгі инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктерімен таныстырды, сондай-ақ еліміздің транзиттік-көліктік әлеуеті туралы айтып, компаниямен екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

«Embraer» азаматтық, коммерциялық және әскери ұшақтардың жетекші өндірушісі болып табылады, ол 1969 жылы құрылғаннан бері 8000-нан астам ұшақты жеткізді. Шамамен 10 секунд сайын «Embraer» шығарған ұшақ бүкіл әлем бойынша жылына 145 миллионнан астам жолаушыны тасымалдайды.