Raizen Қазақстанмен ынтымақтастыққа шақырылды

Raizen Қазақстанмен ынтымақтастыққа шақырылды

Сан-Паулу, 2022 жылғы 16 тамыз – Сан-Паулу қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «Raizen» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.

Бразилия тарапы Қазақстанның ағымдағы инвестициялық климатымен, шетелдік инвесторларды, әсіресе АӨК саласындағы мемлекеттік қолдау және қорғау шараларымен танысты. Сонымен қатар, тараптар бразилиялық қант пен шикізатты Қазақстанға экспорттау мүмкіндіктерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және тыңайтқыштар өндірісі саласында өзара тиімді ынтымақтастықты орнату перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.

Бразилиялық компаниялармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату бойынша келіссөздер жүргізу үшін Бразилияға келген «Demeu Group» қазақстандық компаниясының басшылығы қатысты.

«Raízen» компаниясы – Бразилия-голланд конгломератының «Cosan SA» бірлескен кәсіпорны, Бразилияда отын сату бойынша екінші ірі компаниясы, түсім көлемі бойынша төртінші және елдегі көлемі бойынша бесінші. Компания 2,5 млрд. литр этанол және 6.5 млн. тонна қант пен шикізат өндіреді. Қызметкерлер саны 69.000 құрайды.