Қазақстан Eлшісі Димаш Құдайбергеннің Фан клубымен кездесті

Қазақстан Eлшісі Димаш Құдайбергеннің Фан клубымен кездесті

Бразилиа, 2022 жылғы 9 тамыз – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилиядағы Димаш Құдайбергеннің фан-клубының белсенділерімен кездесу өткізді.

Қазақстан Елшісі еліміздің қол жеткізген табыстары мен жүргізіліп жатқан реформалар туралы айта отырып, Бразилиялық Димаш Құдайбергеннің талантын сүйетіндер клубына Қазақстанның Бразилия мен Оңтүстік Америкада танымал болуына қосқан қомақты үлесі үшін алғыс айтып және клубты осы жылдың шілде айында құрылған «Қазақстан – Бразилия» Достық форумының жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

Тараптар одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты және бірқатар мерекелік іс-шараларды бірлесіп өткізуді белгіледі. Оңтүстік Американың барлық елдерінде Димаш Құдайбергеновтің талантын сүйетіндер клубы жұмыс істейді, олар әлеуметтік желілерде әлемге әйгілі қазақстандық әнші мен композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпаратпен белсенді бөліседі.